Kazmedia футбол командасы — BAQ LIGA XV маусымының күміс жүлдегерлері!

6 сәуір күні футзалдан БАҚ өкілдері арасындағы BAQ LIGA XV маусымы өз мәресіне жетті. Осы маусымда Kazmedia футбол командасы өз шеберліктерін көрсетіп, күміс жүлдегерлер атанды. Бұл жеңіс олардың жоғары деңгейде дайындалып, қажырлы еңбектің нәтижесі екенін айқындайды. Команда BAQ Liga-ның төртдүркін жеңімпазы атанып, өз тарихында тамаша жетістікке жеткен болатын. 🏅Сонымен қатар, жеке марапаттар да назардан тыс қалған жоқ. Саят Сабырбаев тамаша ойын көрсете отырып, үздік қақпашы атағын жеңіп алды. Ал Нұрахмет Бектұрғанов “Құрмет” номинациясына ие болып, өз үлесін тағы бір мәрте мойындатты. Барлық ойыншыларды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да сәттілік пен үлкен жеңістер тілейміз! Жаңа биіктерді бағындыруда командаға сәттілік серік болсын! 🎉⚽

«Қазмедиа орталығы» волейбол командасы BAQ LIGA VI маусымының күміс жүлдегерлері атанды!

29 наурызда волейболдан Қазақстанның БАҚ өкілдері арасындағы BAQ LIGA VI маусымы аяқталды. Турнирде 9 команда бақ сынасқан болатын. 4 ай бойы өткен керемет матчтар, жарқын эмоциялар және алаңдағы тартысты сәттерден кейін, «Қазмедиа орталығы» командасы құрметті 2-орынды жеңіп алды! Әрбір матч нағыз күрес болды, ал біздің ойыншыларымыз керемет үйлесімділік, күрескерлік рух пен жеңіске деген ұмтылыс көрсетті. Бұл жетістік олардың табанды еңбегінің, өз ісіне деген адалдығының және командалық жұмысының нәтижесі! Барлық ойыншыларға керемет еңбектері мен командалық рухы үшін үлкен рахмет!

«Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС Менеджмент Жүйесінің ISO 37001:2016 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігіне екінші бақылау аудитін өткізді

2024 жылғы 21 қазанда «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) №ABMS-1228/A сәйкестік сертификатының қолданылуын растау мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің (бұдан әрі – Менеджмент жүйесі) ISO 37001:2016 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігіне» екінші бақылау аудитін жүргізді. Жүргізілген аудит менеджмент жүйесінің аудит критерийлеріне сәйкестік дәрежесін, менеджмент жүйесінің әлеуетті жақсарту саласындағы менеджмент жүйесінің нәтижелілігін, сәйкестендіруді (қолданылатын дәрежеде) бағалау үшін Серіктестіктің қолданылатын заңнамалық, нормативтік және келісімшарттық талаптарды орындауына кепілдік беру қабілетін айқындауға бағытталды. Жүргізілген аудит нәтижесінде қаралған құжаттар мен аудиттелген процестер негізінде менеджмент жүйесі толық көлемде нәтижелі болып табылады деген қорытынды жасалды. Серіктестікте менеджмент жүйесін жұмыс жағдайында ұстап тұру және оны одан әрі дамыту үшін толық жағдай жасалған. Менеджмент жүйесі қолданыстағы талаптарды орындауға және күтілетін нәтижелерді қамтамасыз етуге қабілетті. Ішкі аудит жүргізу процесі стандарт талаптарына толық сәйкес келеді. Басшылықты талдау стандартқа сәйкес толық көлемде жүзеге асырылады (25.10.2024ж. аудит туралы есеп). Аталған іс-шара «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты жобалық басқарудың төртінші блогын іске асыру шеңберінде өткізілді.

«Қазмедиа орталығы» волейбол командасы Республика күніне арналған турнирде 3-орынға ие болды!

21 қазанда Астанада Республика күніне орай «Есіл» ауданы ұйымдарының қызметкерлері арасында волейболдан тартысты жарыс өтті, онда «Қазмедиа орталығы» волейбол командасы 3-орын иегерлері атанды. Біздің команда жүлдеге таласу ойынында шешімділік пен ынта танытып, мықты қарсыластармен лайықты бәсекелестік көрсетті. Барлық қатысушыларға табандылығы мен тамаша ойыны үшін алғысымызды білдіреміз! Бірге біз жаңа шыңдарға ұмтылуды жалғастырамыз!

BAQ Liga-ның төртдүркін жеңімпаздары!

28 шілдеде BAQ Liga XIV маусымы аяқталды, онда “Қазмедиа орталығы” телерадиокешенінің командасы Жеңімпаздар кубогының иегерлері атанды. Біздің футболшылар маусым бойы ойынның жоғары деңгейін және табандылықтарын танытып, тұғырға қайта шықтық. Жеке марапаттарға ие болғандар:: 🌟 Өмірхан Елдос – 33 доппен маусымның үздік бомбардирі. 🌟 Турсынбаев Нурбол – маусымның үздік ойыншысы. Біздің команданың әрбір мүшесіне маусым бойы көрсеткен еңбекқорлығы, табандылығы және керемет ойыны үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сіздердің күш-жігеріңіз бен командаға деген адалдықтарыңыз ең жоғары бағалауға лайық!

«Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылаудың басталуын жариялау

2024 жылғы 24 мамырда «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-де (бұдан әрі – Серіктестік) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталды. Осыған орай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау басталғаны жөнінде хабарлаймыз.   Серіктестік қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді: 1) Серіктестіктің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 2) Серіктестіктің ұйымдастырушылық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

«Қазмедиа орталығы» командасы үстел теннисінен журналистер арасында өткен «PRESS CUP» турниріне қатысты!

16 маусымда Астанада БАҚ өкілдерінің мерекесіне орай журналистер арасында үстел теннисінен «PRESS CUP» дүбірлі турнирі өтті. Жарысқа 20 команда қатысты.🏓   Арнайы марапаттар: 🌟 Үздік ойыншы: Молдамурат Айбек – МКВ және коммутация бөлімінің инженері. 🌟 Үздік ойыншы: Турешов Жанболат – көп арналы хабар тарату инженері.   Командамыздың әрбір қатысушысына турнирде көрсеткен еңбекқорлығы, табандылығы және тамаша ойыны үшін ризашылығымызды білдіреміз! Сіздердің күш-жігерлеріңіз құрмет пен мойындауға лайық.

«Қазмедиа орталығы» волейбол командасы BAQ LIGA V маусымының күміс жүлдегерлері!

«Қазмедиа орталығы» волейбол командасы BAQ LIGA V маусымының күміс жүлдегерлері!🥈🎉 25 ақпанда Астанада волейболдан Қазақстанның БАҚ өкілдері арасында BAQ league V маусымының дүбірлі жарысы аяқталды, үздік команда атағы үшін тартысқа 10 команда қатысты. Біздің волейболшылар маусым бойы жоғары ойын мен табандылық танытты. Финалдық ойында «Хабар» Агенттігінің мықты командасымен кездесіп, қарсыластарымыздың пайдасына 2:1 есебімен аяқталған бәсекелі матч өткізді.🤾‍♂️ Арнайы марапат: 🌟Үздік тосқауыл қоюшы: Молдамурат Айбек – автоматтандыру жүйесінің әкімгері. Командамыздың әрбір мүшесіне маусым бойы көрсеткен еңбекқорлығы, табандылығы және тамаша ойыны үшін алғыс айтамыз! Сіздердің күш-жігерлеріңіз бен командаға деген адалдықтарыңыз құрмет пен мойындауға лайық. 💪👏

«Милосердие» ерікті қоғамы» телерадиоорталық қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтады

Құрметті «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС әріптестері, «Милосердие» ерікті қоғамы» қоғамдық қоры телерадиоорталық қызметкерлеріне қаржылай қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғыс айтады. Қайырымдылық пен мейірімділік, сондай-ақ көмек көрсету ниеті мен мүмкіндігі үшін шынайы ризашылығын білдіреді. Сіздер көрсеткен көмек мұқтаж балаларға қамқорлықты сезінуге себеп болды. Сіздерге мықты денсаулық, игілік және әр бастамаларыңызға толағай табыс тілейміз. P.S. Бірге біз әлемді жақсырақ әрі мейірімдірек етеміз ❤️

Жаңа деректі тележоба – «Қазына»!

«Қазмедиа орталығы» ғимаратында қазақ мәдениетінің әуені естілді! Мәдениет және ақпарат министрлігі «Хабар» агенттігімен бірлесіп «Қазына» жаңа деректі тележобасының тұсаукесерін өткізгенін мақтанышпен хабарлаймыз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дайындалған бұл қызықты жоба қазақтың музыкалық дәстүрінің байлығын, атап айтқанда, жүрегімізде ерекше орын алатын аспап – домбыраны насихаттау, сақтау мақсатында жасалған. «Қазына» – күйдің музыкалық мұрасы мен мәдениеті жайлы сыр шертетін, қазақтың ұлттық қазынасы әлеміне бастайтын жолсерік. Жобаның мақсаты – есімдері ұлттық музыка тарихында алтын әріппен жазылған күй шеберлерінің мол мирасын жаңғыртып, ұрпаққа жеткізу.