«Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС

СҰРАҚ – ЖАУАП

– Сіз қай жерде орналасқансыз, сізге дейін қалай жетуге болады?

– Біз Астана қаласында, Қонаев көшесі, 4 мекен-жайында, ҚТЖ (Қазақстан Темір Жолы) және Transport Tower ғимараттарының ортасындамыз. Сайттың төменгі жағында сіз Google-карта бойынша ғимараттың орналасқан жерін көре аласыз немесе 2GIS-тен Астана қаласын таңдап, іздеу жолында «Қонаев 4» немесе «Қазмедиа орталығы» теру арқылы бізді таба аласыз.

– Сізде бос жұмыс орындары бар ма?

– Барлық өзекті Бос жұмыс орындары «Телецентр туралы» бөлімінің «Бос орындар» бөлімшесінде, сондай-ақ hh.kz сайтында және медиацентрдің Instagram (@kazmedia_ortalygy) және Facebook (Қазмедиа орталығы) әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында орналастырылады. Сонымен қатар, түйіндемеңізді hr@kmo.kz электронды поштасына жібере аласыз.

– Медиаорталықтың ғимаратына қалай кіруге болады?

– Сайттың мәзір жолағында, «Компания туралы» қосымша бетінде «Ғимаратқа келу ережелері» бөлімшесін табасыз, онда сіз телеорталыққа келу ережелерімен таныса аласыз.

– Сіздерден бос алаңды / дыбыс жазу студиясын / киноконцерт залын / конференц-залды қалай жалға алуға болады?

– Үй-жайларды жалға алу және өзге де қызметтер жайында +7 (7172) 757 757 нөмірі бойынша толығырақ біле аласыз.

– Сіз кастинг өткізесіз бе?

– «Қазмедиа орталығы» БК» ЖШС – бұл телеарна немесе радио емес. Технологиялық орталық ретінде «Қазмедиа орталығы» телеарналарға, радиоға, продакшн-компанияларға техникалық қолдау көрсетеді. Ғимаратта мерзімді кастингтер өткізіліп тұрады, олар туралы толық ақпаратты сізді қызықтыратын телеарналарға тікелей хабарласып біле аласыз. Байланыс ақпаратын ресми сайттардан таба аласыз (rtrk.kz, khabar.kz және т.б.).

– Бас директордың атына қалай хат жазуға болады?

– Төменде көрсетілген үлгілерге сәйкес жазылған хаттар қарауға қабылданады. Содан кейін priemnaya@kmo.kz электрондық поштасына хат жібере аласыз.
Хат үлгісі