«Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС

ҚАЗМЕДИА ОРТАЛЫҒЫНА КІРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына сәйкес, “Қазмедиа орталығы” телерадиокешені стратегиялық объект болып табылады, ҚР ІІМ Астана қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы күзетеді.

Өткізілетін іс-шаралар (көрмелер, концерттер, брифингтер, баспасөз конференциялар және т. б.) қауіпсіздігін “Қазмедиа орталығының” Режимді бақылау қызметі қамтамасыз етеді.

ҚР ІІМ Астана қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ережесіне сәйкес террористік шабуылдар мен деструктивті элементтердің енуін алдын алу мақсатында стратегиялық маңызы бар нысанға кіру келушілерді міндетті түрде тіркеу, жеке заттарын қарап тексеру арқылы жүзеге асырылады.

Осыған байланысты, телерадиокешенге кіру ережесімен танысуларыңызды сұраймыз.

Түсіністікпен қарайтыныңызға үміттенеміз және сізге «Қазмедиа орталығына» жағымды сапар тілейміз!