СЕРІКТЕСТЕР

«ХАБАР» АГЕНТТІГІ» АҚ – қазақ және орыс тілдерінде хабар тарататын флагмандық «Хабар» және тәулік бойы жұмыс істейтін ақпараттық «24KZ» телеарналарын қамтитын заманауи «медиаотбасы». Агенттік өзінің тарихын 1994 жылдан бастайды, дәл осы жылы Қазақ телевизиясының ақпарат қызметінің базасында «Қазақстан телевизиясы мен радиосы» республикалық корпорациясының құрылымында «Хабар» ұлттық телевизиялық ақпарат агенттігі құрылған болатын. Бүгінде «Хабар» еліміздің телеаудиториясын 100% қамтып, Қазақстанның барлық өңірінде және шетелдерде кең таралған тілшілер желісіне ие. Агенттіктің шет елдердегі өкілдіктері АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Бельгия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Қытай, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан, Франция, Түркия, Грузия, Испания және Малайзияда орналасқан..

«ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚ — мемлекетіміздің ақпараттық саясатын жүзеге асыратын ең ірі медиа құрылым. Корпорация құрамына «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы, «Qazsport», «Balapan», «Abai TV» телеарналары, үш радиостанция, Телевизия жаңалықтары агенттігі және 14 аймақтық филиал кіреді, олар еліміздегі телеаудиторияның 99%-ын және радиотыңдаушылардың 88,74%-ын қамтиды. Корпорацияның сигналы Ресей Федерациясы, Моңғолия, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасының шекаралас аудандарында тұратын тұрғындарға қолжетімді.

2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Қазақстан» ұлттық телеарнасы 100 пайыз қазақ тілінде хабар таратуға көшті.

«ЕУРАЗИЯ» БІРІНШІ АРНАСЫ 1997 жылы «ОРТ Қазақстан» атауымен құрылды. 2002 жылғы 2 қыркүйекте телеарна «Еуразия» атауын иеленді, ал 2009 жылғы 1 қыркүйектен бастап қазіргі ресми атауы — «Еуразия» бірінші арнасы болып бекітілді. Құрылған күннен бастап телеарна Қазақстанның медиа кеңістігінің ажырамас бөлігіне айналып, көрермендердің кең ауқымының сүйіспеншілігіне ие болды және ұзақ жылдар бойы республикалық рейтингтерде тұрақты түрде көш бастап келеді.

Елдегі жетекші телеарналардың бірі ретіндегі мәртебесін растай отырып, «Еуразия» бірінші арнасы Қазақстанда алғаш болып тікелей эфирде ақпараттық шоу форматын енгізіп, жүргізушілер тікелей эфир барысында өзара әрекеттесе алатын студия-трансформерлер мен заманауи графикалық шешімдерді қолданды.

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ «ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ» РММ (ОКҚ) — мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық саладағы қарым-қатынасын байланыстыратын мемлекеттік ақпараттық-коммуникациялық алаң. Мақсаты мемлекеттік билік органдары мен қоғамның өзара іс-қимылының тиімді тетігін құру.

«JIBEK JOLY» ТЕЛЕАРНАСЫ   — Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің құрамына кіретін, 2022 жылдан бастап осы атаумен хабар тарататын отандық ақпараттық-танымдық және отбасылық-ойын-сауық телеарнасы. Өз тарихын 2002 жылы іске қосылған «CaspioNet» (кейіннен «Kazakh TV» және «Qazaq TV») арнасынан бастайтын бұл ресурста жаңалықтар, аналитикалық бағдарламалар, ток-шоулар, деректі фильмдер, отандық телесериалдар мен қазақ тіліне дыбысталған әлемдік кинохиттер ұсынылады. Jibek Joly 101.4FM — медиахолдингтің телевизиялық хабар таратуын толықтыратын, заманауи қазақстандық аудиторияға бағытталған музыкалық, ақпараттық және ойын-сауық бағдарламаларын ұсынатын радиостанция.

«МИР» МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ТЕЛЕРАДИОКОМПАНИЯСЫ 1992 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің саяси, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастығын жариялау, ортақ ақпараттық кеңістік қалыптастыру және халықаралық ақпарат алмасуға жәрдемдесу мақсатында құрылған.

Компанияның құрылтайшылары: Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Грузия, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы.

«EURONEWS» — 1993 жылы іске қосылған, штаб-пәтері Лионда орналасқан халықаралық жаңалықтар телеарнасы. Ол әлемдік оқиғаларды, саясатты, экономика мен мәдениетті еуропалық көзқараспен бірнеше тілде 160-тан астам елге объективті әрі тәулік бойы таратады

«DOCUMENTOLOG» — бизнес-процестерді автоматтандыруға және электрондық құжат айналымын жүргізуге арналған жетекші отандық IT-платформа. Мемлекеттік органдарға, ірі компанияларға, шағын және орта бизнеске арналған бұл облактық жүйе шарттарды, кадрилік және қаржылық құжаттарды дайындау, келісу, цифрлық қол қою (ЭЦҚ) мен мұрағаттау үдерістерін толықтай цифрландырады. Сервис құжат алмасуды жеделдетуге, қағаз шығындарын азайтуға және заңды түрде күші бар электрондық құжаттар арқылы ұйымның жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді

2026 жылы канадалық «Haivision Systems Inc.» компаниясымен кәсіби бейнетехнологиялар, соның ішінде бейнеконтентті беру, қабылдау, өңдеу және тарату технологияларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Орталық Азияда медиа қызметтерді дамыту саласында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.