БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

Кәсіби дағдылардың толық сипаттамасы бар түйіндемені hr@kmo.kz электрондық мекенжайға жіберуіңізді сұраймыз.

Қосымша ақпарат алу үшін қызметкерлерді басқару бөлімінің персоналды дамыту жөніндегі менеджер – Смаилова Нагима Омарбековнаға  +7 (7172) 75 78 40 хабарласыңыз 

Білімі: жоғары оқу орнынан кейінгі жоғары заңгерлік білім.

Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша кемінде 1 жыл.

Міндеттері:

  • Серіктестік қызметінде заңдылықтың сақталуын және оның құқықтық мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеді.
  • Серіктестікте әзірленетін бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, ережелердің, стандарттардың және құқықтық сипаттағы өзге де актілер жобаларының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексереді, сондай-ақ Серіктестік басшылығының тапсырмасы бойынша қажетті жағдайларда осы құжаттарды әзірлеуге қатысады.
  • Серіктестік қызметі барысында туындайтын құқықтық мәселелер бойынша қорытындыларды, сондай-ақ Серіктестікке келісу немесе пікір беру үшін келіп түсетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындыларды дайындауды ұйымдастырады.

Жұмыс уақыты: 5/2

Уақытша бос жұмыс орны

Білімі: жоғары қаржылық-экономикалық білім.

Жұмыс тәжірибесі: есеп және бақылау саласында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.

Міндеттері:

  • «1С: Кәсіпорын; Өндірістік кәсіпорынды басқару» бағдарламасы арқылы Серіктестіктің қызметтерді, міндеттемелерді және шаруашылық операцияларды есепке алу бойынша бухгалтерлік есебін жүргізеді.
  • Жеке тұлғалармен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша бастапқы құжаттарды қабылдауды, бақылауды және өңдеуді жүзеге асырады, төлем көзінен жеке табыс салығын, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жарналарды және әлеуметтік аударымдарды ұстап қалуды және бюджетке аударуды жүзеге асырады, өзара есеп айырысулар бойынша салыстыру жүргізеді.
  • Белгіленген тәртіппен статистикалық және салықтық есептілікті қалыптастырады және тапсырады, сондай-ақ бекітілген учаске бойынша салықтарды төлейді.

Жұмыс уақыты: 5/2

Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).

Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша кемінде 3 жыл.

Міндеттері:

  • Сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге техникалық ерекшеліктерді әзірлеуге қатысады және Бөлімшенің мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру үшін қажетті өзге де құжаттаманы дайындайды.
  • Бөлімшенің қызметіне қатысты бюджет жобасын және мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастыруға қатысады.
  • Коммерциялық ұсыныстар мен оларға қатысты құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша жеткізушілермен жұмыс жүргізеді.
  • Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін өзіне сеніп тапсырылған мүлікті есептен шығаруды жүзеге асырады.
  • Бөлімшенің қызметін реттейтін ішкі құжаттарды (регламенттер, бұйрықтар, ережелер, нұсқаулықтар және т.б.) өзектендіруге қатысады және оларға өзгерістер мен толықтыруларды уақтылы енгізеді.

Жұмыс уақыты: 5/2

Білімі: энергетика, автоматика саласы бойынша орта техникалық/жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Жұмыс тәжірибесі: электр энергетикасы саласында мамандығы бойынша кемінде 3 жыл, электр қауіпсіздігі бойынша IV рұқсат тобы болуы тиіс.

Міндеттері:

  • Электр шаруашылығы учаскесіндегі Бөлімше қызметкерлеріне басшылық жасайды (түскен өтінімдерді біркелкі бөліп, олардың орындалу барысын бақылайды).
  • Өз қарамағындағы электр жабдықтарының апатсыз және сенімді жұмысын қамтамасыз етеді.
  • Ауысымды қабылдау кезінде электр жабдықтарының жай-күйімен, схемасымен және жұмыс режимімен жеке тексеру арқылы танысады.
  • Ауысымды кесте бойынша келесі кезекші шеберге тапсырады.
  • Техникалық қызмет көрсету бойынша күнтізбелік кестелерді (жоспарларды) әзірлеуге қатысады және олардың уақытылы орындалуын бақылайды.
  • Жабдықтарды техникалық пайдалану қағидаларының, жөндеу жұмыстарын жүргізу технологиясының сақталуын бақылайды, бұзушылықтардың себептерін жедел анықтап, жояды.
  • Электр желілері мен электр қондырғыларында жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін ұйымдастырады және жоспарлы тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді.
  • Жұмыс басталар алдында құралдардың, жабдықтардың, механизмдердің, қорғаныс құрылғыларының, жеке қорғаныс құралдарының және басқа да жабдықтардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексереді.
  • Күн сайын кешкі уақытта ғимаратты аралап, электр энергиясын тиімсіз пайдалану фактілерін (жанып тұрған жарық, бос бөлмелердегі компьютерлер мен басқа да электр құрылғылары) анықтайды және оларды жедел журналға тіркейді.

Жұмыс уақыты: 5/2

Білімі: техникалық және кәсіптік.

Жұмыс тәжірибесі: 1 жыл.

Міндеттері:

  • Бақылау-өлшеу аспаптарының, су шығынын есепке алу есептегішінің, жылу энергиясын есепке алу аспаптарының жұмыс жағдайын бақылайды және оларды уақтылы мамандандырылған ұйымдарға тексеруге ұсынады.
  • Жылу энергиясының жұмсалуын және судың тұтынылуын бақылайды, қызмет көрсетушілермен салыстыру жүргізеді, деректерді жүйелейді және өңдейді, бухгалтерияға қажетті мәліметтерді ұсынады.
  • Жалға алушылардың суды тұтыну шығыны бойынша салыстыру жүргізіп, бухгалтерияға қажетті мәліметтерді ұсынады.
  • Жылу энергиясын, сумен жабдықтауды және су бұруды есепке алу аспаптарының статистикалық деректерін, сондай-ақ коммуналдық шығындарды талдайды.
  • Техникалық тапсырмаларға сәйкес техникалық құжаттаманы қалыптастырады.

Жұмыс уақыты: 5/2

Уақытша бос жұмыс орны

Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қойылмайды.

Міндеттері:

  • Серіктестіктің техникалық қызмет көрсету регламенті мен техникалық пайдалану қағидаларына сәйкес телевизиялық техникалық құралдардың сенімді әрі сапалы жұмысын қамтамасыз етеді.
  • Барлық аппараттық-студиялық кешеннің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.
  • Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен АСБ-ның кіріс және шығыс сигналдарының (бейне, аудио, синхрондау) сапасын тұрақты түрде тексереді.
  • Қажетті коммутацияны уақтылы жүзеге асырады.
  • Серверлік бөлмедегі (CAR) температуралық режимнің сақталуын бақылайды.
  • Жабдықтардың бұзылуы мен апаттары, техникалық тоқтау және трансляцияның үзілуі туралы белгіленген тәртіппен АСБ жетекші инженеріне және Бөлімше басшысына жедел хабарлайды, телехабар таратуды толық көлемде қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдайды.
  • Техникалық өзгерістер мен атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты Бөлімшенің барлық қызметкерлеріне жеткізеді.
  • Бекітілген кестеге сәйкес жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
  • Негізгі жабдық істен шыққан жағдайда резервтік жүйеге шұғыл ауысуды жүзеге асырады және бұл туралы АСБ жетекші инженеріне және Бөлімше басшысына уақтылы хабарлайды.
  • Жазба (эфир) басталғанға дейін техникалық сынақ жүргізеді:
    • бейнеарна бойынша – танымдық титрі немесе логотипі бар телевизиялық сынақ кестесін;
    • дыбыс арнасы бойынша – жиілігі 1000 Гц генератор сигналын
  • Әрбір сыртқы немесе өзге де сигнал көздерін қосу алдында Switching Center-пен бірлесіп сигналдың үздіксіз әрі сапалы өтуі үшін бақылау трактысын жүргізеді.
  • Жабдықтар апаттарының, телевизиялық трактідегі ақаулардың себептерін қарастыруға және олардың алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін орындауға қатысады.
  • Барлық қосылулар туралы АСБ жетекші инженерін және Бөлімше қызметкерлерін хабардар етеді, сондай-ақ аппараттық-студиялық кешенді жүктеу есебі журналында ауысым барысында атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты тіркейді.
  • Аппараттық-студиялық кешеннің барлық жабдықтарының сақталуын қадағалайды және олардың қозғалысын бақылайды.
  • Өндірістік қажеттілікке және басшылықтың өкімдеріне байланысты өзге де міндеттерді орындайды.

Жұмыс уақыты: 2/2

Білімі: жоғары

Жұмыс тәжірибесі: 1 жыл.

Міндеттері:

  • Автоматтандыру жүйесін пайдаланушыларға техникалық қолдау көрсетеді.
  • Бағдарламалық-техникалық құралдардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
  • «Dalet Galaxy» клиенттік бөлігінің автоматтандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
  • «Cinegy Desktop» эфирлік хабар тарату автоматтандыру жүйесінің клиенттік бөлігінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
  • Бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмысындағы штаттан тыс жағдайларды белгіленген өкілеттіктер шегінде талдайды және жояды.

Жұмыс уақыты: 2/2

Білімі: жоғары немесе кәсіптік-техникалық білім

Жұмыс тәжірибесі: теле-радио хабарларын тарату саласында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болғаны жөн.

Міндеттері:

  • Контентті цифрландырады: әртүрлі тасымалдағыштардағы (кассеталар, дискілер және т.б.) бейнематериалдарды цифрлық форматқа ауыстырады.
  • Контентті инжестингтен өткізеді: цифрландырылған контентті (бейне, аудио, кескіндер) кейін эфирде пайдалану үшін деректерді сақтау жүйесіне жүктейді.
  • Форматтарды түрлендіреді: бейне және аудио файлдарды трансляцияға қажетті форматқа келтіреді.
  • Сапаны бақылауды жүзеге асырады: цифрландырылған және түрлендірілген контенттің сапасын тексереді.
  • Жабдықтарды коммутациялауды жүзеге асырады: трансляцияларды ұйымдастыру үшін телевизиялық жабдықтарды басқарады.
  • Материалдарды қайта жазады: бейнематериалдарды (жарнамалар, бағдарламалар) резервтік көшіру немесе басқа мақсаттар үшін көшіреді.
  • Ақауларды жояды: жұмыс барысында туындайтын техникалық мәселелерді жедел шешеді.
  • Материалдарды береді: қызметкерлердің сұранысы бойынша мұрағаттағы бейнематериалдардың көшірмелерін физикалық тасымалдағыштарда ұсынады.

Жұмыс уақыты: 2/2

Білімі: жоғары.

Жұмыс тәжірибесі: 3 жыл.

Міндеттері:

  • Ақпараттық ресурстардың мониторингі мен желілік ресурстардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.
  • Жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, жұмыс барысында туындайтын мәселелер бойынша жедел шаралар қабылдайды, сервистердің жұмысындағы ақауларды жояды.
  • Пайдаланушылар мен бағдарламалық қамтамасыз етудегі қателерді анықтайды және жүйенің жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіреді.
  • Жетекші жүйелік әкімшілерге, графикалық жүйелердің жетекші әкімшісіне, технологиялық ЖЕЖ әкімшілеріне профилактикалық жұмыстарды жүргізу, жабдықтарды монтаждау және ауыстыру кезінде көмек көрсетеді.
  • Аппараттық-студиялық блоктардағы эфирлік жаңалықтар хабарларын таратуды бақылайды.
  • Серверлік үй-жайларды температуралық режим талаптарына және жабдықтардың жұмыс жағдайына сәйкестігін тексереді.
  • Инжест-аппараттық бөлмелерде бейнематериалдарды импорттау, тікелей және студиялық эфирлерді жазу кезінде туындайтын ақауларды жояды.
  • Күн сайын бірінші эфир басталғанға дейін АСБ-ның жұмысқа дайындығын тексереді.

Жұмыс уақыты: 2/2

Білімі: жоғары

Жұмыс тәжірибесі: 3 жыл.

Міндеттері:

  • Автоматтандырылған жүйелер жабдықтарын пайдалану бойынша жұмыстарды бақылайды.
  • Жеткізушілермен және аутсорсингтік компаниялармен жасалған шарттарға сәйкес жұмыстардың уақтылы әрі сапалы орындалуын бақылайды.
  • Тауарлық-материалдық қорларды есепке алу және есептен шығару бойынша жұмыстарды жүргізеді.
  • Серіктестік ғимаратындағы кіруді бақылау және басқару жүйесіне (КББЖ) аппараттық-бағдарламалық сүйемелдеуді жүзеге асырады.
  • Автоматтандырылған басқару жүйелері операторларының (бұдан әрі – АБЖ операторы) жұмыс орнындағы қызметін үйлестіреді.

Жұмыс уақыты: 2/2

Білімі: жоғары

Жұмыс тәжірибесі: талап етілмейді.

Міндеттері:

  • Көпарналы хабар тарату кешенінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.
  • «Cinegy Air PRO» эфирлік хабар тарату жүйесін автоматтандыру жүйесінде және «Cinegy Capture» инжестинг жүйесінде жұмыс істеу бойынша білімі мен дағдылары бар.
  • «TeleSCREEN» телевизиялық сигналдарды мониторингтеу жүйесінде жұмыс істеу бойынша білімі мен дағдылары бар.
  • Телеарналардың режиссерлері мен эфир инженерлеріне техникалық қолдау көрсетеді.
  • Барлық шығыс және кері эфирлік сигналдардың («Logger») үздіксіз жазылуын бақылайды, белгіленген сақтау мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді (шығыс эфирлік арналар үшін – 30 күн, кері арналар үшін – 3 күн).
  • Ағымдағы жұмыстарды уақтылы орындайды (бейнефайлдарды, тікелей трансляцияларды және студиялық эфирлерді жазу), телеарналардан келіп түсетін қосымша өтінімдерді орындайды.
  • Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бейне және аудио сигналдардың сапасын бақылайды.

Жұмыс уақыты: күндіз/түнде/48

Білімі: техникалық және кәсіптік

Жұмыс тәжірибесі: кемінде 1 жыл.

Міндеттері:

  • Түсірілім, жазба/эфир жүргізу үшін қосалқы операторлық жабдықтың (кран, операторлық арба, студиялық пьедесталдар) дайындалуын, толық жинақталуын және жұмысқа дайындығын қамтамасыз етеді.
  • Белгіленген тәртіппен жабдықтардың техникалық жағдайы мен техникалық қызмет көрсетілуін бақылайды.
  • Телебағдарламаларды түсіру/эфирге шығару кезінде кран мен операторлық арбаны орналастыру схемаларын әзірлеуге қатысады.
  • Репетиция, жазба және тікелей эфир өткізу үшін қажетті көлемде жабдықтардың уақтылы дайындалуын қамтамасыз етеді.
  • Кран мен операторлық арбаның қауіпсіз және дұрыс пайдаланылуын бақылайды.

Жұмыс уақыты: 2/2

 

Білімі: орта / орта техникалық / арнаулы білім.

Жұмыс тәжірибесі: құрылыс-жөндеу жұмыстарында дағдыларының болуы.

Міндеттері:

  • Жүктерді тиеу, түсіру, жылжыту, сұрыптау, орналастыру, тасымалдау, қайта ілу және т.б. жұмыстарын қолмен, сондай-ақ қарапайым тиеу-түсіру құрылғылары мен тасымалдау құралдарын (арба, қоларбалар, транспортерлер және басқа да көтеру-тасымалдау механизмдері) қолдана отырып жүзеге асырады.
  • Жүктерді тиеу және түсіру үшін лебедкаларды, көтергіш блоктарды, уақытша сырғымаларды және басқа да құрылғыларды орнатады.
  • Қоймаларда және көлік құралдарында жүктерді бекітуді және жабуды жүзеге асырады.
  • Қалқандар мен траптарды тасымалдайды.
  • Ұқыпты қарауды қажет ететін жүктерді (шыны, керамикалық әйнектер және т.б.), сондай-ақ шаңдатпайтын сусымалы материалдарды (құм, қиыршық тас, қоқыс) қолмен тиеу, түсіру, жылжыту және штабельдеу жұмыстарын жүргізеді.
  • Биіктікте жұмыс істеуге рұқсаты болған жағдайда металл конструкцияларды (мұнара-тур) құрастыру және бөлшектеу жұмыстарын орындайды.
  • Қажет болған жағдайда жиһаздарды құрастыру және бөлшектеу жұмыстарын жүргізеді.
  • Ғимараттың сыртқы және ішкі әрлеуіне кезекті техникалық тексерулер жүргізеді.
  • Күшті нөсер мен қардан кейін іргетастар мен жертөлелерді, қатты жел, аяз және жылымықтан кейін қабырғалар мен қасбеттерді, қатты жаңбыр мен желден кейін ойықтарды, су ағулардан кейін жабындар мен төбелерді кезектен тыс тексеруден өткізеді.
  • Қабырғалардың, төбелердің, карниздердің, терезе және есік еңістерінің сылағын бұзу және жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
  • Телеарна бағдарламаларының декоративтік безендірілуін орнатуды және қайта жасауды қамтамасыз етеді.
  • Егер жарықтардың ені 2 см-ден асса, қабырғалар мен төбелердегі анықталған жарықтарға маяктар орнатып, оларды бақылауды жүзеге асырады.
  • Қабырғаларды керамикалық плиткалармен қаптайды.
  • Бөлмелерді әктеу жұмыстарын жүргізеді.
  • Қалқалардағы тесіктерді және басқа да ақауларды бітейді.
  • Жертөлелердегі қабырғалар мен едендердің гидрооқшаулауын жөндейді.
  • Баспалдақ марштарын жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
  • Ғимараттағы басқа да сылақ-сырлау жөндеу жұмыстарын орындайды.
  • Есік топсаларын реттеуді, есік құлыптарын ауыстыруды жүзеге асырады.
  • Технологиялық нұсқаулыққа сәйкес декорациялар мен басқа да конструкция түрлерін орнатады.

Жұмыс уақыты: 5/2

Білімі: орта/орта техникалық/арнаулы білім.

Жұмыс тәжірибесі: металмен дәнекерлеу жұмыстарын және құрылыс-жөндеу жұмыстарын орындау дағдыларының болуы.

Міндеттері:

  • Металды өңдеу жұмыстарын орындайды.
  • Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізеді.
  • Металл құралдарға дәнекерлеу-жөндеу жұмыстарын орындайды.
  • Металл конструкцияларды дайындау бойынша дәнекерлеу жұмыстарын орындайды.
  • Дәнекерлеу жұмыстарын, конструкция элементтерін іліп дәнекерлеуді, металды балқытуды, қарапайым бөлшектерді доғалық кесуді орындайды.
  • Тауарларды қолмен тиеу, түсіру, жылжыту, сұрыптау, жинақтау, тасымалдау, қайта өлшеу және басқа да жұмыстарды орындайды. Бұл ретте қарапайым тиеу-түсіру құралдары мен тасымалдау құралдарын (арба, қоларбалар, конвейерлер және басқа да жүк көтергіш-көлік механизмдерін) пайдаланады.

Жұмыс уақыты: 5/2

Білімі: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі)/орта техникалық (немесе арнаулы).

Жұмыс тәжірибесі: жұмыс тәжірибесіне талап қойылмайды.

Міндеттері:

  • Белгіленген тәртіппен ОРБ-ның басқа операторына ауысымды қабылдау-тапсыруды жүзеге асырады, бұл ретте тиісті журналда міндетті түрде тіркейді.
  • Объектідегі және оған іргелес аумақтағы жағдайға тәулік бойы үздіксіз бейнебақылау жүргізеді.
  • Төтенше және штаттан тыс жағдайларға жедел әрекет етеді.
  • Объектішілік және өткізу режимдерінің анықталған бұзушылықтары туралы Бөлім басшысына және Бөлімнің аға маманына уақтылы хабарлайды.
  • Бейнебақылау жүйесінің үздіксіз жұмысын бақылайды.

Жұмыс уақыты: күндіз/түнде/48

Білімі: орта немесе орта арнаулы.

Жұмыс тәжірибесі: Бөлім қызметінің бейіні бойынша кемінде 1 жыл.

Міндеттері:

  • Қызмет көрсетілетін инженерлік желілер мен жылыту, сумен жабдықтау, кәріз және су ағызу жүйелерінің жабдықтарының жарамды күйін, олардың дұрыс пайдаланылуын және уақтылы, сапалы жөнделуін бақылайды.
  • Сантехникалық жабдықтардың жұмыс жағдайларын зерделейді.
  • Жылыту, сумен жабдықтау, кәріз және су ағызу жүйелерінің жұмысындағы ақауларды жоюға, оларды жөндеуге, реттеуге және сынақтан өткізуге қатысады.
  • Су есептегіштерін орнатады, ысырмалы және реттеуші арматураны бөлшектейді және монтаждайды.

Жұмыс уақыты: күндіз/түнде/48

Білімі: орта білімнен кейінгі.

Жұмыс тәжірибесі: 1 жыл.

Міндеттері:

  • Серіктестік өткізу жүйесіне сәйкес келушілердің ғимаратқа кіруін ұйымдастырады.
  • Қоғамға келушілерді үйлестіреді.
  • Өз құзыреті шегінде келушілермен өзара іс-қимыл жасайды.
  • Келушілер саны бойынша апта сайынғы есептерді қалыптастырады.
  • Серіктестік басшылығының тапсырмасы және келіп түскен өтінімге сәйкес экскурсиялар өткізеді.
  • Келушілерді Серіктестік басшылығына алып баруды ұйымдастырады.
  • Келушілерге Серіктестік аумағындағы қозғалыс бағытын түсіндіреді.
  • Орталық кіреберіс тобында хостес-консультант функцияларын орындайды, сондай-ақ коворкинг орталығы мен Серіктестік холлындағы тәртіпті қатар бақылайды.
  • Әріптестермен, якорлық және коммерциялық серіктестермен, келушілермен сенімді қарым-қатынас орнатады.

Жұмыс уақыты: 5/2