20 маусым күні БАҚ өкілдері арасында QAZCONTENT OPEN 2026 шахмат турнирі өтті. Зияткерлік додаға 37 адам қатысып, өзара бақ сынап, жоғары деңгейдегі стратегиялық ойлау мен ойын шеберлігін көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша «Қазмедиа орталығының» жұмыскерлері жоғары нәтиже көрсетіп, бірден екі жүлделі орынға ие болды:
І орын — Аңсабаев Сағыныш
ІІІ орын — Турешов Жанболат
Жеңімпаз бен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстарға жетіп, жаңа белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!