Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен оған қарасты ұйымдардың қызметкерлері арасында өткен Спартакиада аясында баскетболдан финалдық жарыс өз мәресіне жетті.
Республика бойынша іріктелген 6 команданың қатысуымен өткен тартысты додада жоғары ойын шеберлігі мен ұйымшылдық танытқан «Қазмедиа орталығы» командасы жеңімпаз атанып, І орынды иеленді. 🏆🥇
Команда мүшелерін осы жарқын жеңісімен және лайықты жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете берулеріңізге тілектеспіз! 👏🏻