15 мамыр күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты ұйымдар арасындағы Спартакиаданың іріктеу кезеңі аясында үстел теннисі және қол күресінен турнирлер өтті.
Жарыста келесі командалар жүлделі орындарға ие болды:
Үстел теннисі бойынша:
1 орын — «Хабар» агенттігі
2 орын — Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті
3 орын — «Астана опера»
Қол күресінен салмақ санаттары бойынша:
80 кг-ға дейін:
1 орын — «Хабар» агенттігі
2 орын — «Астана опера»
3 орын — «Қазақ газеттері»
90 кг-ға дейін:
1 орын — «Хабар» агенттігі
2 орын — «Астана опера»
3 орын — «Қазақ газеттері»
90 кг-нан жоғары:
1 орын — Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры
2 орын — «Хабар» агенттігі
3 орын — «Қазмедиа орталығы»
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға тамаша өнер көрсеткендері үшін алғыс айтамыз!