«Қазмедиа орталығы» қызметкерлері Dalet Galaxy курсы бойынша сертификат алды

«Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС жұмыскерлері Dalet Galaxy жүйесіндегі жұмыс процестерін конфигурациялау, қолдау және кеңейтуге арналған бес күндік Dalet Galaxy Intermediate Administrator Course оқу курсын сәтті аяқтады. Оқу қорытындысы бойынша қатысушылар емтиханды сәтті тапсырып, алған білімдері мен кәсіби құзыреттерін растайтын сертификаттарға ие болды. Сертификаттарды салтанатты түрде Dalet компаниясының жаһандық оқыту және дамыту жөніндегі директоры Jonathan Coutts-Zawadzki табыстады. Оқыту Dalet компаниясының Қазақстандағы дистрибьюторы — «Software Service Distribution» ЖШС-мен бірлесіп, сондай-ақ Қазақстандағы Dalet техникалық қолдау командасы — «Design Development Distribution» ЖШС-нің қатысуымен ұйымдастырылды. Әріптестерімізді оқуды сәтті аяқтауымен құттықтаймыз және кәсіби қызметтеріне табыс тілейміз!

Республика күні қарсаңында «Қазмедиа орталығы» жұмыскерлері мен серіктестері арасында үстел теннисінен турнир өтті

Республика күні қарсаңында «Қазмедиа орталығы» жұмыскерлері мен серіктестері арасында үстел теннисінен турнир өтті. Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ әріптестер мен серіктестер арасындағы достық қарым-қатынас пен командалық рухты нығайту. Жарыс тартысты әрі қызықты өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсер сыйлады. Жеке ойындар қорытындысы бойынша жүлделі орындарға келесі ұйымдардың өкілдері ие болды: Әйелдер арасында: 1-орын – «Хабар» АҚ 2-орын – Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті 3-орын – «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Ерлер арасында: 1 және 2-орын – Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті 3-орын – «Хабар» АҚ Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға тартысты ойын мен белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз!

Комплаенс-офицер басшылық пен құрылымдық бөлімдердің басшыларымен кездесу өткізді

Бүгін «Қазмедиа орталығында» комплаенс-офицер басшылық пен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына «Жеке мүдделер туралы декларацияны толтыру қағидалары» тақырыбында таныстыру оқытуын өткізді. Кездесу барысында қатысушылар декларацияны толтыруға қойылатын негізгі талаптармен танысып, ықтимал мүдделер қақтығысын анықтау және оның алдын алу мәселелері бойынша түсіндірмелер алды.

«Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария түрде талқылау өткізу туралы хабарландыру

«Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-де (бұдан әрі – Серіктестік) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілгені туралы хабарлаймыз. Жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша келесі бағыттар бойынша жария түрде талқылау өткізілетін болады: Серіктестіктің қолданыстағы ішкі нормативтік актілеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; Өкілдік шығыстарды жүзеге асыру процестеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Өткізу орны: «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС, 20.00.01 кабинет Өткізу уақыты: 31.08.2026, 11:00-12:00

Комплаенс-офицері құрылымдық бөлімдердің басшыларымен кездесу өткізді

Комплаенс-офицері құрылымдық бөлімдердің басшыларымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын талқылау бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында заңнамаға енгізілген негізгі өзгерістер түсіндіріліп, сондай-ақ оларды іс жүзінде енгізу және құрылымдық бөлімшелердің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтау жөніндегі шаралар талқыланды.

«Қазмедиа орталығы» жұмыскерлері БАҚ өкілдері арасындағы QAZCONTENT OPEN 2026 шахмат турнирінде жүлделі орындарға ие болды

20 маусым күні БАҚ өкілдері арасында QAZCONTENT OPEN 2026 шахмат турнирі өтті. Зияткерлік додаға 37 адам қатысып, өзара бақ сынап, жоғары деңгейдегі стратегиялық ойлау мен ойын шеберлігін көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша «Қазмедиа орталығының» жұмыскерлері жоғары нәтиже көрсетіп, бірден екі жүлделі орынға ие болды: І орын — Аңсабаев Сағыныш ІІІ орын — Турешов Жанболат Жеңімпаз бен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстарға жетіп, жаңа белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!

«Қазмедиа орталығы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен оған қарасты ұйымдардың қызметкерлері арасындағы баскетболдан финалдық турнирде 1-ші орынды жеңіп алды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен оған қарасты ұйымдардың қызметкерлері арасында өткен Спартакиада аясында баскетболдан финалдық жарыс өз мәресіне жетті. Республика бойынша іріктелген 6 команданың қатысуымен өткен тартысты додада жоғары ойын шеберлігі мен ұйымшылдық танытқан «Қазмедиа орталығы» командасы жеңімпаз атанып, І орынды иеленді. 🏆🥇 Команда мүшелерін осы жарқын жеңісімен және лайықты жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете берулеріңізге тілектеспіз! 👏🏻

«Қазмедиа орталығы» БК» ЖШС жұмыскерлері мен «Фридом Банк Қазақстан» АҚ (Freedom Bank) өкілдерімен кездесу өтті

Кездесу барысында банк өкілдері банк өнімдері мен қызметтерін таныстырды, жеке тұлғаларға арналған арнайы ұсыныстарды, несие беру шарттарын, депозиттік бағдарламаларды, төлем қызметтерін және басқа да банк мүмкіндіктерін талқылады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты ұйымдар арасындағы Спартакиада аясындағы футбол турнирі

31 мамыр күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты ұйымдар арасында Спартакиада аясында футбол бойынша іріктеу турнирі өткізілді. Жарысқа жалпы 13 команда қатысып, тартыстың нәтижелері бойынша жүлдері орындарды: 1 орын — «Хабар» агенттігі 2 орын — «Қазмедиа орталығы» 3 орын — «Қазтелерадио» АҚ Жеңімпаздарды жетістіктермен құттықтаймыз және барлық қатысушыларға қызықты ойындар үшін алғыс білдіреміз!

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты ұйымдар арасында Спартакиада аясында қазақ күресі бойынша турнир

24 мамыр күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты ұйымдар арасында Спартакиада аясында қазақ күресі бойынша турнир өтті. Салмақ бойынша келесі жеңімпаздар анықталды: 74 кг-ға дейін: 1 орын — «Астана опера» 2 орын — «Қазақстан» телерадиокорпорациясы 3 орын — «Қазмедиа орталығы» 90 кг-ға дейін: 1 орын — «Астана опера» 2 орын — «Қазмедиа орталығы» 3 орын — «Қазақ газеттері» 90 кг-нан жоғары: 1 орын — «Астана опера» 2 орын — Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» 3 орын — Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және алдағы уақытта да сәттілік тілейміз!