Комплаенс-офицері құрылымдық бөлімдердің басшыларымен кездесу өткізді

Комплаенс-офицері құрылымдық бөлімдердің басшыларымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын талқылау бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында заңнамаға енгізілген негізгі өзгерістер түсіндіріліп, сондай-ақ оларды іс жүзінде енгізу және құрылымдық бөлімшелердің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтау жөніндегі шаралар талқыланды.

«Қазмедиа орталығы» жұмыскерлері БАҚ өкілдері арасындағы QAZCONTENT OPEN 2026 шахмат турнирінде жүлделі орындарға ие болды

20 маусым күні БАҚ өкілдері арасында QAZCONTENT OPEN 2026 шахмат турнирі өтті. Зияткерлік додаға 37 адам қатысып, өзара бақ сынап, жоғары деңгейдегі стратегиялық ойлау мен ойын шеберлігін көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша «Қазмедиа орталығының» жұмыскерлері жоғары нәтиже көрсетіп, бірден екі жүлделі орынға ие болды: І орын — Аңсабаев Сағыныш ІІІ орын — Турешов Жанболат Жеңімпаз бен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстарға жетіп, жаңа белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!

«Қазмедиа орталығы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен оған қарасты ұйымдардың қызметкерлері арасындағы баскетболдан финалдық турнирде 1-ші орынды жеңіп алды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен оған қарасты ұйымдардың қызметкерлері арасында өткен Спартакиада аясында баскетболдан финалдық жарыс өз мәресіне жетті. Республика бойынша іріктелген 6 команданың қатысуымен өткен тартысты додада жоғары ойын шеберлігі мен ұйымшылдық танытқан «Қазмедиа орталығы» командасы жеңімпаз атанып, І орынды иеленді. 🏆🥇 Команда мүшелерін осы жарқын жеңісімен және лайықты жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете берулеріңізге тілектеспіз! 👏🏻

«Қазмедиа орталығы» БК» ЖШС жұмыскерлері мен «Фридом Банк Қазақстан» АҚ (Freedom Bank) өкілдерімен кездесу өтті

Кездесу барысында банк өкілдері банк өнімдері мен қызметтерін таныстырды, жеке тұлғаларға арналған арнайы ұсыныстарды, несие беру шарттарын, депозиттік бағдарламаларды, төлем қызметтерін және басқа да банк мүмкіндіктерін талқылады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты ұйымдар арасындағы Спартакиада аясындағы футбол турнирі

31 мамыр күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты ұйымдар арасында Спартакиада аясында футбол бойынша іріктеу турнирі өткізілді. Жарысқа жалпы 13 команда қатысып, тартыстың нәтижелері бойынша жүлдері орындарды: 1 орын — «Хабар» агенттігі 2 орын — «Қазмедиа орталығы» 3 орын — «Қазтелерадио» АҚ Жеңімпаздарды жетістіктермен құттықтаймыз және барлық қатысушыларға қызықты ойындар үшін алғыс білдіреміз!

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты ұйымдар арасында Спартакиада аясында қазақ күресі бойынша турнир

24 мамыр күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты ұйымдар арасында Спартакиада аясында қазақ күресі бойынша турнир өтті. Салмақ бойынша келесі жеңімпаздар анықталды: 74 кг-ға дейін: 1 орын — «Астана опера» 2 орын — «Қазақстан» телерадиокорпорациясы 3 орын — «Қазмедиа орталығы» 90 кг-ға дейін: 1 орын — «Астана опера» 2 орын — «Қазмедиа орталығы» 3 орын — «Қазақ газеттері» 90 кг-нан жоғары: 1 орын — «Астана опера» 2 орын — Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» 3 орын — Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және алдағы уақытта да сәттілік тілейміз!

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты ұйымдар арасындағы Спартакиада аясында шахмат және тоғызқұмалақ турнирлері

18 мамыр күні «Қазмедиа орталығында» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты ұйымдар арасындағы Спартакиада аясында шахмат және тоғызқұмалақ ойындары бойынша турнирлер өтті. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді: Шахмат турнирі: 1 орын — Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті2 орын — «Qazcontent»3 орын — Қазақстандық қоңамдық даму институты Тоғызқұмалақ турнирі: 1 орын — Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті2 орын — «Qazcontent»3 орын — «Қоғамдық келісім» РММ Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға тартысты ойын мен әсерлі партиялар үшін алғыс білдіреміз!

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты ұйымдар арасындағы Спартакиада аясындағы волейбол турнирі

16–17 мамыр күндері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты ұйымдар арасындағы Спартакиада аясында волейбол турнирі өтті. Жарысқа 13 команда қатысып, қорытынды бойынша жүлделі орындарды келесі командалар иеленді: 1-орын — «Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт»2-орын — «Хабар» агенттігі3-орын — «Қазмедиа орталығы» Барлық командаларға тартысты ойын үшін алғыс білдіреміз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты ұйымдар арасындағы Спартакиада аясындағы баскетболдан іріктеу турнирі

16 мамыр күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты ұйымдар арасындағы Спартакиада аясында баскетбол ойынынан іріктеу турнирі өтті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:1 орын — «Қазмедиа орталығы»2 орын — Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» 3 орын — «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық командаларға тартысты әрі әсерлі ойын үшін алғыс білдіреміз!

«Қазмедиа орталығында» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты ұйымдар арасындағы Спартакиада аясында үстел теннисі және қол күресінен турнирлер өтті

15 мамыр күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты ұйымдар арасындағы Спартакиаданың іріктеу кезеңі аясында үстел теннисі және қол күресінен турнирлер өтті. Жарыста келесі командалар жүлделі орындарға ие болды: Үстел теннисі бойынша: 1 орын — «Хабар» агенттігі 2 орын — Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті 3 орын — «Астана опера»   Қол күресінен салмақ санаттары бойынша: 80 кг-ға дейін: 1 орын — «Хабар» агенттігі 2 орын — «Астана опера» 3 орын — «Қазақ газеттері» 90 кг-ға дейін: 1 орын — «Хабар» агенттігі 2 орын — «Астана опера» 3 орын — «Қазақ газеттері» 90 кг-нан жоғары: 1 орын — Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры 2 орын — «Хабар» агенттігі 3 орын — «Қазмедиа орталығы» Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға тамаша өнер көрсеткендері үшін алғыс айтамыз!