«Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС

КОМПАНИЯ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Жаңа деректі тележоба – «Қазына»!

Event

«Қазмедиа орталығы» ғимаратында қазақ мәдениетінің әуені естілді! Мәдениет және ақпарат министрлігі «Хабар» агенттігімен бірлесіп «Қазына» жаңа деректі тележобасының тұсаукесерін өткізгенін мақтанышпен хабарлаймыз.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дайындалған бұл қызықты жоба қазақтың музыкалық дәстүрінің байлығын, атап айтқанда, жүрегімізде ерекше орын алатын аспап – домбыраны насихаттау, сақтау мақсатында жасалған.

«Қазына» – күйдің музыкалық мұрасы мен мәдениеті жайлы сыр шертетін, қазақтың ұлттық қазынасы әлеміне бастайтын жолсерік. Жобаның мақсаты – есімдері ұлттық музыка тарихында алтын әріппен жазылған күй шеберлерінің мол мирасын жаңғыртып, ұрпаққа жеткізу.