2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум аясында «Қазмедиа орталығында» “Референдум-2026” онлайн-марафоны өтті. Таңғы 07:00-ден түнгі 01:00-ге дейін созылған тікелей эфирде сарапшылар, қоғам қайраткерлері мен журналистер дауыс беру барысын нақты уақыт режимінде талқылап, ел белсенділігіне сараптама жасады. Іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқан жастармен кездесіп, олардың азаматтық ұстанымына жоғары баға берді.