2024 жылдың 22-23 тамызында «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-де (бұдан әрі – Серіктестік) құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен кеңес өткізілді, оның барысында «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды орындау тәртібі мен мерзімдері талқыланды. Аталған ұсынымдар 2024 жылғы 15 шілдеде бекітілген Іс-шаралар жоспары шеңберінде орындалуға тиіс болатын.
Кеңестің мақсаты – Серіктестіктің құрылымдық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды талқылау, тәуекелдерді алдын алу және жою бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижелілігі туралы растайтын материалдарды ұсына отырып, олардың белгіленген мерзімдерде сапалы орындалуын қамтамасыз ету.