КОРПОРАТИВТІК ҚАҒИДАЛАР

«Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС Корпоративтік этика кодексінің корпоративтік қағидалары:

 

Қауіпсіздік

Қауіпсіздік техникасын сақтау – әркімнің жеке жауапкершілігі. Қоршаған
ортаны қорғау және жұмыс орындарында қаупсіздікті қамтамасыз ету біздің борышымыз деп санаймыз.

 

Біліктілік және кәсіпқойлық

Біз құзыреттілік пен кәсібилікті қызметкердің нәтижелілігін бағалаудың
жетекші критериялары (білім, тәжірибе, міндеттер қоя білу, салмақты және жауапты шешімдер қабылдауын) ретінде белгілейміз.

Кәсіби білім мен дағды деңгейін арттыру, басқарушылық білітілікті
дамыту, өзінің шығармашылық қабілеті мен жеке әлеуетін іске асыру – мансаптық өсу перспективасының берік іргетасы.

 

Адалдық және бейтараптық

Біз адалдық пен бейтараптылық Серіктестіктің, оның іскерлік беделінің негізі екенін мәлімдейміз. Серіктестік жеке мүдделер мен кәсіби қызмет арасындағы қайшылыққа жол бермейді. Алаяқтық, шындықты жасыру және жалған мәлімдемелер «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС қызметкерінің мәртебесіне сәйкес келмейді.

Жаңашылдық

Біз тоқырауға «жоқ» дейміз. Оңтайлы креативті шешімдерді үнемі іздеу – біздің өміріміздің ажырамас бөлігі. Біз тәжірибеміз бен қиялымызды болашаққа қарап ықтимал нәтижелердің үздігін болжау үшін пайдаланамыз.

 

Жауапкершілік

Біз мемлекет, қоғам, серіктестер алдындағы өз әлеуметтік жауапкершілігімізді түсінеміз және заңнама талаптарымен, шарттық қатынастар, іскерлік этикет дәстүрлерімен және моральдық-адамгершілік принциптермен белгіленген барлық міндеттемелердің орындалуына кепілдік береміз.

 

Жетістік

Біз ең үздік болуға бел буғанбыз. Өршіл мақсаттар, позитивті және конструктивті ойлау, команданың көшбасшыларға сенімі шексіз мүмкіндіктер ашады.