КОМПАНИЯ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

«KAZMEDIA» ФК BAQ LIGA–2026 чемпионы атанды

Event

Футзалдан БАҚ өкілдері арасында өткен BAQ LIGA–2026 турнирінің финалында QURMAN мен KAZMEDIA командалары кездесті.

Маусым қорытындысы бойынша «KAZMEDIA» футбол командасы XVIII қысқы маусымның чемпионы атанып, сондай-ақ BAQ CUP–2026 ауыспалы кубогының финалына дейін жетті.

Сонымен бірге, команданың ойыншылары жеке марапаттарға ие болды:
🏆 Нұрбол Тұрсынбаев — Үздік қорғаушы
🏆 Құмарбек Азат — Үздік шабуылшы

Турнир барысында команда 10 матч өткізіп, 9 рет жеңіске жетіп, тек 1 ойында ғана жеңіліс тапты. Нәтижесінде 27 ұпай жинап, маусымды бірінші орынмен аяқтады.

Командамызды жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!