ДОСЫБАЕВ АСЫЛБЕК АМИРБЕКОВИЧ

БАС ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ – ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОР

Телефон:  +7 7172 75 79 07

Негізгі міндеттері:

  • Техникалық дирекцияның қызметін қадағалайды.
  • Серіктестіктің негізгі технологиялық қызметі саласындағы басшылық пен бақылауды жүзеге асырады, Серіктестіктің қадағалауындағы құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады.


Білімі:

2008 жылы Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжін «Электрондық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша бітірген.

2013 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз университетін «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

2009 – 2012 жж. — қызмет көрсету және жөндеу бөлімінің жетекші инженері, кейін техникалық дирекцияның жүйелік инженері, «РТРК «Қазақстан» АҚ, Алматы қ.

2012 — 2016 жж. — автоматтандыру жүйесінің әкімшісі, кейін радио кешенінің, кейін технологиялық кешенді басқару және қолдау бөлімінің бас жүйелік әкімшісі, кейін ақпараттық технологиялар департаментінің директоры «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС, Астана қ.

2016 – 2017 жж. – хабар тарату (теледидар) және IT бойынша кеңесші, Астана ЭКСПО-2017″ Ұлттық компаниясы», Астана қ.

2017 – 2019 жж. – техникалық директор «Независимый продюсерский центр «КАЗтелефильм» ЖШС, Астана қ.

2019 – 2021 жж. – басқарушы директор, кейін директор «Megahertz Kazakhstan» (Мегагертц Казахстан) ЖШС, Астана қ.

2021 – 2026 жж. — Кеңселік бөлікті басқару және сүйемелдеу бөлімі бастығы, «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС, Астана қ.

2026 жылдың мамыр айынан бастап — «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС Бас директордың орынбасары – Техникалық директор, Астана қ.