«Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС

КОМПАНИЯ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Astana Media Week 2023

Event

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 20-22 қыркүйек аралығында Қазмедиа орталығында өтетін Astana Media Week 2023-ке қатысуға шақырамыз.

«MEDIA POWER: TRENDS, CHANGES, ETHICS» медиа апталығы аясында қазақстандық және шетелдік медиа индустрияның жетекші сарапшылары жылдам өзгеретін медиа орта контекстінде дәстүрлі медиа алдында тұрған өзекті сын-қатерлерді талқылайды.

Шара барысында болашақта медиа жұмысын құру жолдары, ҚР медиа заңнамасымен блогосфераны реттеу, ақпараттық кеңістіктегі этика мен жауапкершілік, цифрлық сауаттылық және деректерді қорғау мәселелері талқыланады. Сонымен қатар, шара қонақтары «Контент-маркет» көрмесіне, ашық және жабық питчингтерге, сондай-ақ MediaQuiz интерактивті іс-шарасына қатысады.
Astana Media Week 2023 аясында Өңірлік БАҚ форумы, Media Talks бейресми конференциясы және Юлия Юка Кравченконың диджатл көрмесі өтеді.
Шараны баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы «Үркер» 2023 ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау салтанатымен аяқталады.

Шараның толық бағдарламасымен www.astanamediaweek.kz ресми сайтында немесе @AstanaMediaWeek Instagram-парақшасында танысуға болады.

Astana Media Week 2023 шарасында кездесетінімізге және алдағы уақытта сәтті ынтымақтастық орнататынымызға үміттенеміз.

Құрметпен,
AMW 2023 ұйымдастыру комитеті.