“KAZMEDIA” ФК Семей қаласында өткен белгілі спорт журналисі Амангелді Сейітханды еске алуға арналған БАҚ өкілдері арасындағы республикалық шағын футбол турнирінде 2-ші орын иеленді.
Елдің түрлі өңірлерінен жиналған 12 команданың қатысуымен өткен жарыста “KAZMEDIA” финалға дейін жетіп, тартысты кездесуде “Абай облысы” командасына пенальти сериясында жол берді.