ТЕЛЕРАДИОКЕШЕНІ ТУРАЛЫ

Серіктестіктің Жалғыз қатысушысы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Қазмедиа орталығы» телерадиокешенін құру және іске қосуының қысқаша тарихы

2011 жыл – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-на тиесілі аумақта «Sembol construction» АҚ «Астана медиа орталық» жұмыс
атауымен телерадиокешен ғимаратының құрылысын жүргізді.

2011 жылдың 17 наурызында «Телерадиокешеннің басқарушы компаниясы» ЖШС тіркелді.

2012 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №518 қаулысымен «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС құрылды, оның негізгі қызмет түрі Астана қаласында «Қазмедиа орталығы» ғимаратының жұмыс істеуі болып айқындалды (атауы – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы).

Алғашқы эфир 2012 жылдың 1 қыркүйегінде сағат 00:00-де «Хабар 24» телеарнасымен өтті, ол кездегі арна атауы – «24kz».

2012 жылы телерадиокешеннен «Хабар», «Қазақ ТВ» («CaspioNet»), «Балапан» телеарналары хабар таратуды бастады.

2013 жылы «Қазақстан», «Қазспорт» және «Еуразия» телеарналары «Қазмедиа орталығынан» хабар тарата бастады.

2014 жылы хабар таратуды «Білім және мәдениет» мәдени-білім беру телеарнасы бастады.

Бүгінгі күні «Қазмедиа орталығы» республиканың бес телеарнасы мен үш радиостанцияны, атап айтқанда: Хабар, Хабар 24, Qazaqstan, Balapan, Бірінші канал Евразия, сондай-ақ Қазақ радиосы, Шалқар радиосы және Астана радиосын орналастырады.

Біздің миссиямыз

Медиахабарды тарату саласындағы жаңа технологиялармен жабдықталған технологиялық хаб құру. Қазақстан Республикасының халқын жоғары технологиялық телевизиялық және радио бағдарламалар өндірісімен қамтамасыз ету.

Қызмет түрлері

Жеке меншікті жалға беру және басқару;

Басқа санаттарға енгізілмеген өзге де машиналарды, жабдықтар мен материалдық құралдарды жалға беру;

Республикалық және аймақтық форумдарды ұйымдастыру және өткізу.

Мүмкіндіктер

Әлемнің жетекші өндірушілерінің ең заманауи өндірістік және телекоммуникациялық жабдықтар

Жетекші телерадиокомпаниялар мен жеке продакшн студияларына телевизиялық және радио бағдарламалар өндірісін қамтамасыз ететін 400-ге жуық жоғары білікті мамандар

15 студиялық блоктар, оның ішінде телебағдарламаларды өндіруге арналған 9 студия, жаңалық өндіретін 4 студия, 1 виртуалды студия, 1 Sky-студия және 92 монтаждық аппаратхана

Теле- және радиоэфир хабарын тәулік бойы тарату

663 орындық киноконцерттік зал

Коворкинг зонасы

Кеңсе және коммерциялық жайлар

«Қазмедиа орталығының» клиенттері

Мемлекеттік сектор өкілдіктері

Ұлттық компаниялар мен елшіліктер

Коммерциялық компаниялар

Продакшн-студиялар, продюсерлік орталықтар, event- және PR-агенттіктер

Қоғамдық бірлестіктер

Біздің артықшылықтарымыз

Жоғары санатты еуропалық жабдықтар

Заманауи медианарықтың қажеттіліктерін білу

Әлемнің жетекші телерадиокомпанияларының тәжірибесін шығармашылықпен қолдану білу

Қызметкерлердің жоғары біліктілігі мен зияткерлік әлеуеті

Тиімді маркетинг және PR-кампания

Нәтижелі бизнес-процестер

Инфрақұрылымды тиімді пайдалану

Көшбасшы болуға ұмтылыс

Сапа саласындағы саясат

Медианарықтың қазіргі жағдайы біздің Компаниямыздың даму логикасын анықтайды: кімде кім Клиенттің талабын түсініп, цифрлық хабар таратудың жоғары стандарттарына сүйене отырып бірінші болып қанағаттандыруға дайын болса, ол еліміздің осы салада көшбасшы орынды иеленіп қана қоймай, әлемдік телерадиокомпанияларға лайықты бәсекелес бола алады.