СҰРАҚ – ЖАУАП

«Қазмедиа орталығы» немен айналысады?

«Қазмедиа орталығы» — Қазақстан Республикасындағы ұлттық медианың сапалы хабар таратуын қамтамасыз ету үшін үздіксіз жұмыс істейтін толық циклді медиаконтент өндіруге арналған заманауи телерадио кешені. Біз телерадио контентін жасауға арналған өндірістік алаңдарды, кеңсе ғимараттарын, сондай-ақ түрлі іс-шараларды (концерттер, форумдар, фильм көрсетілімдері, көрмелер, конференциялар, брифингтер және т.б.) өткізуге арналған алаңдарды жалға береміз. Біздің басты міндетіміз — сенімді әрі тұрақты хабар тарату инфрақұрылымын қамтамасыз ету.

«Қазмедиа орталығы» ғимаратына қалай кіруге болады?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №305 қаулысына сәйкес, телерадиоорталықта адамдар мен көлік құралдарын рұқсатпен кіргізуді қамтамасыз ететін бақылау-өткізу пункттері орнатылған. Нысанды қорғауды ҚР ІІМ «Астана қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады. Ғимаратқа кіру тек рұқсатнама арқылы және уәкілетті қызметкердің еріп жүруімен жүзеге асырылады. Барлық қызметкерлер мен келушілер міндетті түрде тіркеуден өтіп, жеке заттарын тексертуі тиіс.

Кешен аумағына көлікпен кіруге немесе автотұрақты пайдалануға бола ма?

«Қазмедиа орталығы» телерадио кешені стратегиялық маңызы бар нысан болып табылатындықтан және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, ғимарат алдындағы автотұраққа кіруге тек осы нысанда жұмыс істейтін тұлғалардың немесе келушілердің тіркелген көліктеріне ғана рұқсат етіледі.

Телевизиялық түсірілімге немесе телеарналардағы шоу-бағдарламаларға қалай қатысуға болады?

«Қазмедиа орталығы» телеарналар мен басқа да ұйымдарға студиялар мен түсірілім техникасын және кеңсе орындарын жалға береді. Біз контент жасаумен немесе түсірілім үдерісін ұйымдастырумен айналыспаймыз. Телевизиялық бағдарламаларға қатысу үшін тікелей телеарналардың өзіне хабарласуға кеңес береміз. Олардың байланыс ақпараттары ресми сайттарында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланған.

«Қазмедиа орталығына» экскурсияға келуге бола ма?

Қазіргі уақытта ғимарат бойынша экскурсиялар өткізілмейді. Бұл шешім стратегиялық нысандарға қойылған қауіпсіздік талаптарына және телерадио кешенінің тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты қабылданған.