2025 жылғы 8 шілдеде Қазмедиа орталығында Серіктестік жұмыскерлеріне арналған ақпараттық қауіпсіздік және қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу талаптарын сақтау мәселелері бойынша дәріс өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жұмыскерлердің хабардарлығын арттыру және деректермен жұмыс істеуде жауапты көзқарас қалыптастыру болды. Дәріс барысында қатысушыларға ақпараттық қауіпсіздік талаптары, корпоративтік жүйелерді қорғау, сондай-ақ ақпараттың таралуына немесе рұқсатсыз қол жеткізуге жол бермеу шаралары туралы кеңінен ақпарат берілді.
Қызметтік ақпаратпен, оның ішінде «ДСП» (қызметтік пайдалану үшін) белгісі бар шектеулі таралымдағы ақпаратпен жұмыс істеу ережелеріне ерекше көңіл бөлінді. Спикер мұндай ақпаратты сақтау, пайдалану және қорғау тәртібін жан-жақты түсіндіріп, әр жұмыскердің дербес жауапкершілігін атап өтті.
Сонымен қатар, этикалық нормалар да талқыланды — цифрлық ортада мінез-құлық мәдениетін сақтау және корпоративтік қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау дәрістің маңызды тақырыптарының бірі болды.
Құрылымдық бөлімше басшыларының қолдауымен жұмыскерлердің қатысуы жоғары деңгейде қамтамасыз етіліп, іс-шара белсенді әрі қызығушылықпен өтті. Мұндай кездесулер қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға және ұжымның ақпараттық ортадағы заманауи сын-қатерлерге дайын болуына ықпал етеді.