СЕРІКТЕСТЕР

«ХАБАР» АГЕНТТІГІ» АҚ – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар тарататын төрт арнаның тоғысқан орталығы. «Хабар» Агенттігінің» тарихы 1995 жылдан басталады. Сол кездегі Қазақ телеарнасының ақпараттық қызметі негізінде «Хабар» Ұлттық телевизиялық ақпараттық агенттігі құрылады. Агенттіктің өңірлерде және алыс-жақын шетелдерде тілшілері бар. Өкілдіктер АҚШ, Ресей, Бельгия, Оңтүстік Корея, Қытай, Германия және Өзбекстанда ашылған. Телекөрермендер аудиториясын 99 % қамтиды.

«ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚ яеліміздегі ең ірі медиа құрылымы болып табылады. Корпорация құрамына 4 республикалық және 14 аймақтық телеарна, сондай-ақ 4 радио мен 22 сайт кіреді. Телеарнаның техникалық әлеуеті Қазақстан Республикасы аумағының 100 пайызына жуық, көршілес Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қытай және Моңғолияның облыстарына хабар таратуға мүмкіндік беріп отыр. Елбасының тапсырмасы бойынша 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 100 пайыз қазақ тілінде хабар таратуға көшті.

«ЕВРАЗИЯ» БІРІНШІ АРНАСЫ 1997 жылы құрылды, алғашында «ОРТ Казахстан» деп аталатын. 2001 жылы арна атауы «Евразия» бірінші арнасы деп өзгертілді. Телеарна еліміздің 400-ден астам елдімекенінде орналасқан сигнал таратқыштары арқылы еліміздің 90%-ға жуық телекөрермендер аудиториясын қамтиды. Арнаның бағдарламалар кестесінде барлық негізгі жанрлар ұсынылған және ел телекөрермендерінің барлық жас және гендерлік топтары қамтылған.

«МИР» МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ТЕЛЕРАДИОКОМПАНИЯСЫ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің саяси, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастығын жариялау мақсатында ортақ ақпараттық кеңістік қалыптастыру және халықаралық ақпарат алмасуға жәрдемдесу мақсатында 1992 жылы құрылды. Телеарнаның хабар таратуы төрт уақыт белдеуінде 13 мемлекет аумағында (Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Украина, Латвия, Литва, Эстония) тәулік бойы жүзеге асырылады. Әлеуетті аудитория – 150 млн. астам адам).