КОМПАНИЯ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Республикалық педагогтер съезі

Event

Бүгін, 5 қазанда кәсіби мереке – Мұғалімдер күні «Қазмедиа орталығы» телерадиокешенінің ғимаратында Республикалық педагогтер съезі өтті.

Бұл іс-шарада ғылыми зерттеулердің нәтижелері негізінде оқытудың оқу, әдістемелік-дидактикалық құралдарының мазмұнын жетілдіру, педагогикалық ресурстың жоғары мәдениетін қамтамасыз ету, сондай-ақ әрбір бала үшін кедергісіз тәрбиелеу және оқыту жағдайларын жасау мәселелері қаралды.

Пленарлық отырыста еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ педагогтер, сарапшы-жаттықтырушылар, жас мұғалімдер, білім беру ұйымдарының басшылары, білім беру жүйесінің ардагерлері сөз сөйлеп, озық тәжірибелерімен және халықаралық тәжірибелерімен бөлісті. Еліміздің үздік педагогтері марапатталды.