КОМПАНИЯ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

«Қазмедиа орталығы» волейбол командасы BAQ LIGA VI маусымының күміс жүлдегерлері атанды!

Event

29 наурызда волейболдан Қазақстанның БАҚ өкілдері арасындағы BAQ LIGA VI маусымы аяқталды. Турнирде 9 команда бақ сынасқан болатын. 4 ай бойы өткен керемет матчтар, жарқын эмоциялар және алаңдағы тартысты сәттерден кейін, «Қазмедиа орталығы» командасы құрметті 2-орынды жеңіп алды!

Әрбір матч нағыз күрес болды, ал біздің ойыншыларымыз керемет үйлесімділік, күрескерлік рух пен жеңіске деген ұмтылыс көрсетті. Бұл жетістік олардың табанды еңбегінің, өз ісіне деген адалдығының және командалық жұмысының нәтижесі!

Барлық ойыншыларға керемет еңбектері мен командалық рухы үшін үлкен рахмет!