КОМПАНИЯ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

«Қазмедиа орталығы» қызметкерлерінің тимбилдингі

Event

Бірлікті арттыру және командалық рухты қалыптастыру мақсатында «Jansaya resort» демалыс аймағында «Қазмедиа орталығы» қызметкерлері көшпелі тимбилдингке қатысты. Ашық аспан астындағы корпоративтік іс-шара аясында қызықты спорттық және зияткерлік ойындар өткізілді.

Іс-шара барысында еңбекқорлығымен ерекшеленген «Қазмедиа орталығы» қызметкерлері ҚР АҚДМ-нің грамоталарымен, серіктестіктің грамоталарымен және алғыс хаттарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Тимбилдинг барлығына көптеген керемет эмоциялар, әсерлер, белсенділік сыйлады, барлығы команда құру ойындарына қуана қатысты.

Өткізілген іс-шара біздің барлық қызметкерлеріміздің күшті және ерекше қасиеттерін анықтауға көмектесті, ұжымды біріктірді. Тимбилдинг Серіктестік қызметкерлеріне бір – бірін жақсырақ білуге, белгілі бір сенім деңгейін көрсетуге мүмкіндік берді және сенім табысты ынтымақтастықтың негізі болып табылады.