«Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС

КОМПАНИЯ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

«Қазмедиа орталығы» ғимаратындағы профилактикалық жұмыс

Event

2023 жылғы 23 желтоқсанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана қ.уақыты бойынша) «Қазмедиа орталығы» ғимаратының хабар тарату өзегін жаңғыртудың кезекті кезеңін аяқтау шеңберінде барлық технологиялық кешеннің желілік жабдығын ауыстыру жоспарлануда. Сондай-ақ, «Қазтелерадио» АҚ спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілерінің техникалық құралдарында сервистерді өшіре отырып профилактикалық жұмыс жүргізетін болады.

Осыған байланысты, көрсетілген уақыт кезеңінде эфирлік, кабельдік және спутниктік телерадио хабарларын тарату желілерінде теле-, радиоарналарды тарату тоқтайтыны туралы хабардар етеміз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.