КОМПАНИЯ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

2024 жылғы 29 наурызда «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-де (бұдан әрі – Серіктестік) Мүдделер қақтығысын алдын алу және реттеу бойынша Серіктестік саясатының талаптарын түсіндіру мақсатында құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлерімен жиын өткізілді.

Event

2024 жылғы 29 наурызда «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-де (бұдан әрі – Серіктестік) Мүдделер қақтығысын алдын алу және реттеу бойынша Серіктестік саясатының талаптарын түсіндіру мақсатында құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлерімен жиын өткізілді.

Жиынның мақсаты –мүдделер қақтығысының алдын алу және болдырмау, мүдделер үшін әділ, объективті және тәуелсіз шешім қабылдау процесін қамтамасыз ету мақсатында жұмыскерлер арасында Мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу бойынша Серіктестік саясатының талаптарын түсіндіру.

Жиында төрағалық етуші комплаенс-офицер К.С. Агибаев мүдделер қақтығысына байланысты көптеген жағдайлар мүдделер қақтығысына қатысқан тұлғаны заңнамада көзделген жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдаумен аяқталатынын атап өтті.

Мүдделер қақтығысын тиімді алдын алудың қажетті шарты әрбір жұмыскердің оны уақтылы ашуға және реттеуге қатысуы болып табылатынына назар аударды.

Жұмыскерлер мен лауазымды тұлғалар өздерінің жеке мүдделері Серіктестіктің мүдделеріне қайшы келетін кез келген жағдайлардан аулақ болуға тиіс, олардың қандай да бір мүліктік пайда алу үшін өз позициясы мен іскерлік мүмкіндіктерін пайдалануға жол бермеу міндеті, жұмыскер шешім қабылдаудан немесе жеке мүдделерінің ықпалымен іс-әрекеттер жасаудан бас тартуға міндетті.

Қатысушыларға жұмыскердің ақпаратқа қолжетімділі шектелуі немесе мүдделер қақтығысы бар мәселе бойынша шешім қабылдауы, басқа жұмысқа ауыстырылуы, жүктелген міндеттер қаралуы мүмкін болған кезде мүдделер қақтығысын реттеу бойынша қабылданатын шаралардың салдары түсіндірілді.