КОМПАНИЯ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

«Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария түрде талқылау өткізу туралы хабарландыру

Event

«Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-де (бұдан әрі – Серіктестік) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілгені туралы хабарлаймыз.

Жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша келесі бағыттар бойынша жария түрде талқылау өткізілетін болады:

  1. Серіктестіктің қолданыстағы ішкі нормативтік актілеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  2. тауарлық-материалдық құндылықтарды есепке алу, орын ауыстыру, есептен шығару және кәдеге жарату мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Өткізу орны: «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС, 20.00.01 кабинет
Өткізу уақыты: 30.01.2026, 11:00-12:00