КОМПАНИЯ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

«Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-ның бас директоры спорттық турнир жеңімпаздарымен кездесті

Event

«Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-ның бас директоры Қасымжанов Қанат Сәкенұлы медиаорталықтың футбол командасымен кездесу өткізді. Команда Мәдениет және ақпарат министрлігі Спартакиадасы мен «Хабар» агенттігінің 30 жылдығына арналған BAQ league сияқты маңызды екі турнирде компания намысын абыроймен қорғады.

Kazmedia командасы қос турнирде де бірінші орын иеленіп, жоғары дайындық деңгейі мен ұйымшылдықты көрсетті. Қанат Сәкенұлы жеңіске жеткен әріптестерін құттықтап, кәсіби шеберлігі мен белсенді бастамашылдығы үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, корпоративтік спортты дамытуға қатысты алдағы жоспарлар талқыланды.

Кездесу барысында мұндай спорттық жетістіктер ұжымдық рухты нығайтуға, корпоративтік мәдениетті дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға маңызды үлес қосатыны атап өтілді.

Қазмедиа орталығы ұжым мүшелерінің белсенді және үйлесімді дамуына жағдай жасай отырып, спорттық және сауықтыру бастамаларын қолдауды жалғастырады.