14–15 маусым күндері Астанада Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай BAQ LIGA үстел теннисі турнирі өтті. Жарыс «Қазмедиа орталығында» ұйымдастырылып, БАҚ өкілдерін бір алаңға жинады.
Турнир екі форматта — командалық және жекелей сында өтті.
Командалық санатта «Қазмедиа» командасы финалда «Қазақстан 2» командасын 2:1 есебімен жеңіп, бірінші орынды иеленді.
Ерлер арасындағы жекелей сынның жеңімпазы «Қазмедиа орталығының» Технологиялық бөлікті әкімшілендіру және сүйемелдеу бөлімінің технологиялық LAN(жергілікті есептеу желісі) әкімшісі Айбек Молдамуратұлы атанды. Сенімді әрі тұрақты ойын көрсеткен ол барлық қарсыластарын артқа тастап, бас жүлдеге ие болды.
BAQ LIGA турнирі спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар қатысушылар үшін кәсіби байланыстарды нығайтуға, командалық рухты арттыруға және медиасала қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен мүмкіндік болды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға тартысты әрі қызықты ойындары үшін алғыс айтамыз!