2025 жылғы 1 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталды.
Бағдарлама ел дамуына және қоғамдық маңызы бар бастамаларды іске асыруға бағытталған жаңа формациядағы жас көшбасшылар қоғамдастығын қалыптастыруды көздейді.
Резервке үміткер бола алатындар – жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және кемінде бес жыл еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары.
Іріктеуге қатысу тәртібі туралы толық ақпарат хабарламаға қоса берілген файлда көрсетілген.