2025 жылдың 22 қарашасында Астана мен Алматы қалаларында бір уақытта MEDIA CHESS CUP «Екі шаһар кубогы — 2025» өтіп, БАҚ мамандары мен белсенді блогерлерді бір алаңда тоғыстырды. ФИДЕ ережелері бойынша өткен 10+2 рапид форматы жарысқа жоғары қарқын беріп, әр партияны зейін, стратегия және төзімділікті сынайтын нағыз тартысты кезеңге айналдырды.
🏆 Жұмыскерлеріміздің нәтижелері:
• Аңсабаев Сағыныш — Республика бойынша 3-орын, Алматы бойынша 2-орын
• Турешов Жанболат — Алматы бойынша 3-орын
• Нурушев Жалель — Астана бойынша 5-орын
Әріптестерімізді лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз!