«Тұмар-2023» ұлттық телевизиялық байқауы

2023 жылдың 4 шілдесінде «Қазмедиа орталығы» телерадио кешенінде «Тұмар-2023» ұлттық телевизиялық байқауы өтеді. Биылғы жылы телевизиялық жоба алғашқы шыққанына 7 жыл толады.   «Тұмар-2023» ұлттық телевизиялық байқауы алғаш рет 2017 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылды. Сыйлық 12 номинация бойынша беріледі: – Үздік ақпарттық бағдарлама – Үздік әлеуметтік жоба – Үздік журналистік зерттеу – Үздік аналитикалық бағдарлама – Үздік ток –шоу – Үздік ойын-сауық бағдарламасы – Үздік тележурналист – Үздік тележүргізушісі – Үздік спорт комментаторы – Үздік аймақтық телеарна – Үздік деректі фильм (Қамал Смайылова атындағы арнайы премия) – Үздік анимациялық фильм (Әмен Қайдаров атындағы арнайы премия) Жеңімпаздардың есімдері іс-шарада белгілі болады. Әсем мүсін-тұмардан басқа, жеңімпаздар қазақстандық телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін 1 000 000 млн теңге алады.

Теледидарға дыбыс беру саласында «Telos Alliance» компаниясының презентациясы

«Қазмедиа орталығы» техникалық дирекциясы телеорталықтың қызметкерлері мен серіктестері үшін теледидарға дыбыс беру саласында «Telos Alliance» компаниясының презентациясы ұйымдастырды. Іс-шарада мамандар қатысушыларға дыбысты беру саласындағы жаңа стандарттарды, сондай-ақ компанияның бағдарламалық жасақтамасы мен жабдықтарын баптаудың жаңа мүмкіндіктері мен параметрлерін көрсетті. Тұсаукесерді Англия мен АҚШ компаниясының өкілдері Артур Подзорский мен Кен Скок жүргізді.