«Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС

2024 жылғы 29 наурызда «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-де (бұдан әрі – Серіктестік) Мүдделер қақтығысын алдын алу және реттеу бойынша Серіктестік саясатының талаптарын түсіндіру мақсатында құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлерімен жиын өткізілді.

2024 жылғы 29 наурызда «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-де (бұдан әрі – Серіктестік) Мүдделер қақтығысын алдын алу және реттеу бойынша Серіктестік саясатының талаптарын түсіндіру мақсатында құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлерімен жиын өткізілді. Жиынның мақсаты –мүдделер қақтығысының алдын алу және болдырмау, мүдделер үшін әділ, объективті және тәуелсіз шешім қабылдау процесін қамтамасыз ету мақсатында жұмыскерлер арасында Мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу бойынша Серіктестік саясатының талаптарын түсіндіру. Жиында төрағалық етуші комплаенс-офицер К.С. Агибаев мүдделер қақтығысына байланысты көптеген жағдайлар мүдделер қақтығысына қатысқан тұлғаны заңнамада көзделген жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдаумен аяқталатынын атап өтті. Мүдделер қақтығысын тиімді алдын алудың қажетті шарты әрбір жұмыскердің оны уақтылы ашуға және реттеуге қатысуы болып табылатынына назар аударды. Жұмыскерлер мен лауазымды тұлғалар өздерінің жеке мүдделері Серіктестіктің мүдделеріне қайшы келетін кез келген жағдайлардан аулақ болуға тиіс, олардың қандай да бір мүліктік пайда алу үшін өз позициясы мен іскерлік мүмкіндіктерін пайдалануға жол бермеу міндеті, жұмыскер шешім қабылдаудан немесе жеке мүдделерінің ықпалымен іс-әрекеттер жасаудан бас тартуға міндетті. Қатысушыларға жұмыскердің ақпаратқа қолжетімділі шектелуі немесе мүдделер қақтығысы бар мәселе бойынша шешім қабылдауы, басқа жұмысқа ауыстырылуы, жүктелген міндеттер қаралуы мүмкін болған кезде мүдделер қақтығысын реттеу бойынша қабылданатын шаралардың салдары түсіндірілді.

«Қазмедиа орталығы» ғимаратының жергілікті жануы

7 қарашада «Қазмедиа орталығы» ғимаратының бірінші қабатындағы дәмханада тамақ әзірлеу кезінде жергілікті жану шықты. Автоматты өрт сөндіру жүйесі іске қосылды. Жану жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Қазмедиа орталығы» қызметкерлері марапатталды

Республика күні аясында «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-нің бірқатар қызметкерлері марапатталды: ?«Еңбек ардагері» медалі: Бейсембаев Ризабек Жумагулович ?«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі: Смагулов Асет Мырзалиевич ?Мәдениет және ақпарат министрінің құрмет грамотасы: Нургожаев Нур Белгожаевич Нурекенов Кайрат Турсынканович Гайзер Евгений Александрович ?Мәдениет және ақпарат министрінің алғыс хаты: Бексеитова Шакизат Абдумуслимовна Әріптестеріміздің жетістіктерімен мақтан тұтамыз және кәсіби қызметінде мол табысқа жетулерін тілейміз!    

Жалпыұлттық аза тұту күні

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев Қарағанды облысындағы И.А. Костенко атындағы шахтада болған авария салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2023 жылғы 29 қазанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Республика күнімен құттықтаймыз!

Құрметті қазақстандықтар! «Қазмедиа орталығы» БК» ЖШС сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтайды! Осынау ұлттық мереке бізді туған елге деген мақтаныш сезіміне бөлейді. Осы мерекелі, Республика күнінде, сіздерге денсаулық және бақыт тілейміз. Барлық бастамаларыңыз нәтижелі, ал болашақтарыңыз жарқын болсын!

«Қазмедиа орталығы» қызметкерлері арасында үстел теннисі турнирі

Республика күні қарсаңында «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС қызметкерлері арасында үстел теннисі бойынша турнир өтті ??? Іс-шара «Bala time» балалар-жасөспірімдер шығармашылық студиясының қойылымынан басталды. Балалар өз өнерлерімен көрермендерді қуантып, жиналғандардың рухын көтерді ? Одан әрі жұмыскерлеріміз спорттық шеберліктерін ғана емес, чемпиондық атақ үшін күресіп, командалық рухын көрсете алды. Жүлделі орындар келесі қызметкерлерге берілді: ? – Молдамурат Айбек, технологиялық жергілікті есептеу желісінің әкімгері; ? – Серік Ахметов, жөндеу-құрылыс жұмысшысы; ? – Төлеуов Мағжан, аға жарық беруші; ?Қыздар арасындағы үздік нәтиже – Болат Лашын, мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы; Бұл жарқын эмоцияларға, достық бәсекеге және спорттық шеберлікке толы күн болғаны сөзсіз!

«Қазмедиа орталығы» аллеясы

Республика күнін мерекелеу аясында «Қазмедиа орталығы» жұмыскерлері Ботаникалық саябақта қылқанды ағаштарды отырғызып, «Қазмедиа орталығы» аллеясы деген атау берді! ?✨ Жайқалған жасыл ағаштар көз қуанышы ғана емес, ауаның алмасуына ықпал ететін табиғат сыйы. «Қазмедиа орталығы» аллеясы біздің тұрақтылыққа ұмтылуымыздың және табиғатқа деген қамқорлығымыздың символына айналсын. Игі істерді жалғастырып, планетамыздың жарқын болашағын бірге жасайық! ??

Республикалық педагогтер съезі

Бүгін, 5 қазанда кәсіби мереке – Мұғалімдер күні «Қазмедиа орталығы» телерадиокешенінің ғимаратында Республикалық педагогтер съезі өтті. Бұл іс-шарада ғылыми зерттеулердің нәтижелері негізінде оқытудың оқу, әдістемелік-дидактикалық құралдарының мазмұнын жетілдіру, педагогикалық ресурстың жоғары мәдениетін қамтамасыз ету, сондай-ақ әрбір бала үшін кедергісіз тәрбиелеу және оқыту жағдайларын жасау мәселелері қаралды. Пленарлық отырыста еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ педагогтер, сарапшы-жаттықтырушылар, жас мұғалімдер, білім беру ұйымдарының басшылары, білім беру жүйесінің ардагерлері сөз сөйлеп, озық тәжірибелерімен және халықаралық тәжірибелерімен бөлісті. Еліміздің үздік педагогтері марапатталды.

Халықаралық қарттар күні!

Бүгін, 1 – қазан Халықаралық қарттар күнімен құттықтай отырып, бүкіл саналы ғұмырын, қажыр-қайратын ел игілігіне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсаған аға ұрпақ өкілдерінің алдында бас иеміз. Алдыңғы буын аға-апаларымызға, ерен еңбек үлгісін көрсетіп кеткен арда­гер­лерімізге осы бір қайырымдылық пен даналық көрінісі іспетті жарқын мере­келеріңіз құтты болсын дейміз. Олай болса, қазыналы қарттарымыздың қатары ортаймасын. Көрер қызықтарыңыз көп болғай. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, әулеттеріңізге бақ пен береке тілейміз!

Astana Media Week 2023

Құрметті әріптестер! Сіздерді 20-22 қыркүйек аралығында Қазмедиа орталығында өтетін Astana Media Week 2023-ке қатысуға шақырамыз. «MEDIA POWER: TRENDS, CHANGES, ETHICS» медиа апталығы аясында қазақстандық және шетелдік медиа индустрияның жетекші сарапшылары жылдам өзгеретін медиа орта контекстінде дәстүрлі медиа алдында тұрған өзекті сын-қатерлерді талқылайды. Шара барысында болашақта медиа жұмысын құру жолдары, ҚР медиа заңнамасымен блогосфераны реттеу, ақпараттық кеңістіктегі этика мен жауапкершілік, цифрлық сауаттылық және деректерді қорғау мәселелері талқыланады. Сонымен қатар, шара қонақтары «Контент-маркет» көрмесіне, ашық және жабық питчингтерге, сондай-ақ MediaQuiz интерактивті іс-шарасына қатысады. Astana Media Week 2023 аясында Өңірлік БАҚ форумы, Media Talks бейресми конференциясы және Юлия Юка Кравченконың диджатл көрмесі өтеді. Шараны баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы «Үркер» 2023 ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау салтанатымен аяқталады. Шараның толық бағдарламасымен www.astanamediaweek.kz ресми сайтында немесе @AstanaMediaWeek Instagram-парақшасында танысуға болады. Astana Media Week 2023 шарасында кездесетінімізге және алдағы уақытта сәтті ынтымақтастық орнататынымызға үміттенеміз. Құрметпен, AMW 2023 ұйымдастыру комитеті.