2025 жылға арналған «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы хабарлама

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №488 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес, «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-де 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2025 жылғы 12 желтоқсандағы ОД № 07-03/217 бұйрығына сәйкес төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі: Серіктестіктің қолданыстағы ішкі нормативтік құқықтық актілеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Тауарлы-материалдық құндылықтарды есепке алу, қозғалысы, есептен шығару және кәдеге жарату мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Жүргізілген талдау қорытындылары бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдармен аналитикалық анықтама дайындау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария түрде талқылау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындыларын Серіктестіктің интернет-ресурстарында жариялау.   Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімдері: бұйрыққа қол қойылған күннен бастап – 30 жұмыс күні ішінде.

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталды

2025 жылғы 1 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталды. Бағдарлама ел дамуына және қоғамдық маңызы бар бастамаларды іске асыруға бағытталған жаңа формациядағы жас көшбасшылар қоғамдастығын қалыптастыруды көздейді. Резервке үміткер бола алатындар – жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және кемінде бес жыл еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары. Іріктеуге қатысу тәртібі туралы толық ақпарат хабарламаға қоса берілген файлда көрсетілген.

2024 жылғы 22-23 тамызда “Қазмедиа орталығы “басқарушы компаниясы” ЖШС (бұдан әрі-Серіктестік) құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен кеңес өткізді, оның барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды орындау тәртібі мен мерзімдері талқыланды

2024 жылдың 22-23 тамызында «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-де (бұдан әрі – Серіктестік) құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен кеңес өткізілді, оның барысында «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды орындау тәртібі мен мерзімдері талқыланды. Аталған ұсынымдар 2024 жылғы 15 шілдеде бекітілген Іс-шаралар жоспары шеңберінде орындалуға тиіс болатын. Кеңестің мақсаты – Серіктестіктің құрылымдық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды талқылау, тәуекелдерді алдын алу және жою бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижелілігі туралы растайтын материалдарды ұсына отырып, олардың белгіленген мерзімдерде сапалы орындалуын қамтамасыз ету.  

2024 жылғы 29 наурызда «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-де (бұдан әрі – Серіктестік) Мүдделер қақтығысын алдын алу және реттеу бойынша Серіктестік саясатының талаптарын түсіндіру мақсатында құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлерімен жиын өткізілді.

2024 жылғы 29 наурызда «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-де (бұдан әрі – Серіктестік) Мүдделер қақтығысын алдын алу және реттеу бойынша Серіктестік саясатының талаптарын түсіндіру мақсатында құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлерімен жиын өткізілді. Жиынның мақсаты –мүдделер қақтығысының алдын алу және болдырмау, мүдделер үшін әділ, объективті және тәуелсіз шешім қабылдау процесін қамтамасыз ету мақсатында жұмыскерлер арасында Мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу бойынша Серіктестік саясатының талаптарын түсіндіру. Жиында төрағалық етуші комплаенс-офицер К.С. Агибаев мүдделер қақтығысына байланысты көптеген жағдайлар мүдделер қақтығысына қатысқан тұлғаны заңнамада көзделген жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдаумен аяқталатынын атап өтті. Мүдделер қақтығысын тиімді алдын алудың қажетті шарты әрбір жұмыскердің оны уақтылы ашуға және реттеуге қатысуы болып табылатынына назар аударды. Жұмыскерлер мен лауазымды тұлғалар өздерінің жеке мүдделері Серіктестіктің мүдделеріне қайшы келетін кез келген жағдайлардан аулақ болуға тиіс, олардың қандай да бір мүліктік пайда алу үшін өз позициясы мен іскерлік мүмкіндіктерін пайдалануға жол бермеу міндеті, жұмыскер шешім қабылдаудан немесе жеке мүдделерінің ықпалымен іс-әрекеттер жасаудан бас тартуға міндетті. Қатысушыларға жұмыскердің ақпаратқа қолжетімділі шектелуі немесе мүдделер қақтығысы бар мәселе бойынша шешім қабылдауы, басқа жұмысқа ауыстырылуы, жүктелген міндеттер қаралуы мүмкін болған кезде мүдделер қақтығысын реттеу бойынша қабылданатын шаралардың салдары түсіндірілді.

«Қазмедиа орталығы» ғимаратының жергілікті жануы

7 қарашада «Қазмедиа орталығы» ғимаратының бірінші қабатындағы дәмханада тамақ әзірлеу кезінде жергілікті жану шықты. Автоматты өрт сөндіру жүйесі іске қосылды. Жану жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Қазмедиа орталығы» қызметкерлері марапатталды

Республика күні аясында «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-нің бірқатар қызметкерлері марапатталды: ?«Еңбек ардагері» медалі: Бейсембаев Ризабек Жумагулович ?«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі: Смагулов Асет Мырзалиевич ?Мәдениет және ақпарат министрінің құрмет грамотасы: Нургожаев Нур Белгожаевич Нурекенов Кайрат Турсынканович Гайзер Евгений Александрович ?Мәдениет және ақпарат министрінің алғыс хаты: Бексеитова Шакизат Абдумуслимовна Әріптестеріміздің жетістіктерімен мақтан тұтамыз және кәсіби қызметінде мол табысқа жетулерін тілейміз!    

Жалпыұлттық аза тұту күні

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев Қарағанды облысындағы И.А. Костенко атындағы шахтада болған авария салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2023 жылғы 29 қазанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Республика күнімен құттықтаймыз!

Құрметті қазақстандықтар! «Қазмедиа орталығы» БК» ЖШС сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтайды! Осынау ұлттық мереке бізді туған елге деген мақтаныш сезіміне бөлейді. Осы мерекелі, Республика күнінде, сіздерге денсаулық және бақыт тілейміз. Барлық бастамаларыңыз нәтижелі, ал болашақтарыңыз жарқын болсын!

«Қазмедиа орталығы» қызметкерлері арасында үстел теннисі турнирі

Республика күні қарсаңында «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС қызметкерлері арасында үстел теннисі бойынша турнир өтті ??? Іс-шара «Bala time» балалар-жасөспірімдер шығармашылық студиясының қойылымынан басталды. Балалар өз өнерлерімен көрермендерді қуантып, жиналғандардың рухын көтерді ? Одан әрі жұмыскерлеріміз спорттық шеберліктерін ғана емес, чемпиондық атақ үшін күресіп, командалық рухын көрсете алды. Жүлделі орындар келесі қызметкерлерге берілді: ? – Молдамурат Айбек, технологиялық жергілікті есептеу желісінің әкімгері; ? – Серік Ахметов, жөндеу-құрылыс жұмысшысы; ? – Төлеуов Мағжан, аға жарық беруші; ?Қыздар арасындағы үздік нәтиже – Болат Лашын, мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы; Бұл жарқын эмоцияларға, достық бәсекеге және спорттық шеберлікке толы күн болғаны сөзсіз!

«Қазмедиа орталығы» аллеясы

Республика күнін мерекелеу аясында «Қазмедиа орталығы» жұмыскерлері Ботаникалық саябақта қылқанды ағаштарды отырғызып, «Қазмедиа орталығы» аллеясы деген атау берді! ?✨ Жайқалған жасыл ағаштар көз қуанышы ғана емес, ауаның алмасуына ықпал ететін табиғат сыйы. «Қазмедиа орталығы» аллеясы біздің тұрақтылыққа ұмтылуымыздың және табиғатқа деген қамқорлығымыздың символына айналсын. Игі істерді жалғастырып, планетамыздың жарқын болашағын бірге жасайық! ??