Касымжанов Канат Сакенович

Бас директор

Телефон: +7 7172 75 79 07

Негізгі міндеттері:

  • Серіктестіктің қызметін Жарғы мен ҚР заңнамасына сәйкес қамтамасыз ету;
  • Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру;
  • Бөлімшелер арасындағы тиімді өзара іс-қимылды үйлестіру;
  • Серіктестіктің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу.


Білімі:

2004 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экономист» мамандығы бойынша аяқтады. 2018 жылы — University of Glasgow (Adam Smith Business School) түлегі.

Мансап:

2004 – 2008 жж. — Алматы қаласындағы «Казкоммерцбанк» АҚ филиалында Жеке кредиттеу басқармасының ассистент-менеджері, кейін ағымдағы кредиттер бойынша менеджері, корпоративтік қатынастар департаментінің жетекші менеджері.

2008 ж. — «Қазақстан Халық Банкі» АҚ аға менеджері.

2008 – 2012 жж. — «БТА Банк» АҚ Алматы қаласындағы бас филиалында клиенттермен жұмыс бойынша менеджер, кейін Клиенттік қатынастар басқармасының бастығы.

2013 – 2016 жж. — «Еуразиялық банк» АҚ Астана қаласы филиалының Корпоративтік бизнес басқармасының бастығы.

2019 ж. — Астана халықаралық қаржы орталығының Жаһандық нарықтар бойынша кеңсесінде бас менеджер.

2019–2020 жж. — АХҚО қатысушысы CONSULT ENGINEERING GROUP LIMITED компаниясында бас қаржы сарапшысы.

2020 – 2022 жж. — «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-де қаржы мәселелері жөніндегі бас директордың орынбасары, Астана қаласы.

2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-нің бас директоры, Астана қаласы.