Чалгимбаев Айбек Аканович

Бас директордың орынбасары

Телефон: +7 7172 75 79 39

Негізгі міндеттері:

  • Коммуникациялар және үйлестіру бөлімі, сату басқармасы және ғимаратты тіршілікпен қамтамасыз ету департаментінің қызметін қадағалау;
  • Шаруашылық қызметке жалпы басшылық жасау;
  • Материалдық-техникалық жабдықтау, көлік және шаруашылық қызметін ұйымдастыру;
  • Материалдық ресурстарды тиімді және мақсатты пайдалануын, шығындарды азайтуды қамтамасыз ету.


Білімі:

2003 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша аяқтаған.

Мансап:

2003 – 2005 жж. — «Валют-Транзит Банк» АҚ несиелік операциялар бойынша маман, Өскемен қаласы.

2005 – 2006 жж. — «БТА Ипотека» АҚ посткредиттік қызмет көрсету маманы, Өскемен қаласы.

2006 – 2007 жж. — «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ШҚФ, кредит беру бөлімінің бастығы.

2007 – 2008 жж. — «Альянс Финанс» ЖШС және «Қазақстанның алғашқы Бизнес порталы» ЖШС, аймақтық кеңсе директоры, Өскемен қаласы.

2008 – 2014 жж. — «БТА Банк» АҚ Астана филиалында әртүрлі бөлімше директорлары және сату арналарын дамыту бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

2014 – 2016 жж. — «Еуразиялық Банк» АҚ жеке банкинг жетекшісі, VIP бөлімше бастығы, Астана қаласы.

2016 – 2018 жж. — «Фридом Финанс» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі, Астана қаласы.

2019 – 2022 жж. — «Aigoodtech» ЖШС медициналық жабдықтарды жеткізу жөніндегі директор, Астана қаласы.

2022 ж. — «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС корпоративтік даму бөлімінің, кейін сатуды басқару бөлімінің бастығы.

2024 жылдың наурыз айынан бастап — «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС Бас директордың орынбасары, Астана қаласы.