КОМПАНИЯ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Kazmedia футбол командасы — BAQ LIGA XV маусымының күміс жүлдегерлері!

Event

6 сәуір күні футзалдан БАҚ өкілдері арасындағы BAQ LIGA XV маусымы өз мәресіне жетті. Осы маусымда Kazmedia футбол командасы өз шеберліктерін көрсетіп, күміс жүлдегерлер атанды. Бұл жеңіс олардың жоғары деңгейде дайындалып, қажырлы еңбектің нәтижесі екенін айқындайды. Команда BAQ Liga-ның төртдүркін жеңімпазы атанып, өз тарихында тамаша жетістікке жеткен болатын.

🏅Сонымен қатар, жеке марапаттар да назардан тыс қалған жоқ. Саят Сабырбаев тамаша ойын көрсете отырып, үздік қақпашы атағын жеңіп алды. Ал Нұрахмет Бектұрғанов “Құрмет” номинациясына ие болып, өз үлесін тағы бір мәрте мойындатты.

Барлық ойыншыларды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да сәттілік пен үлкен жеңістер тілейміз! Жаңа биіктерді бағындыруда командаға сәттілік серік болсын! 🎉⚽