Жүргізілген аудит менеджмент жүйесінің аудит критерийлеріне сәйкестік дәрежесін, менеджмент жүйесінің әлеуетті жақсарту саласындағы менеджмент жүйесінің нәтижелілігін, сәйкестендіруді (қолданылатын дәрежеде) бағалау үшін Серіктестіктің қолданылатын заңнамалық, нормативтік және келісімшарттық талаптарды орындауына кепілдік беру қабілетін айқындауға бағытталды.
Жүргізілген аудит нәтижесінде қаралған құжаттар мен аудиттелген процестер негізінде менеджмент жүйесі толық көлемде нәтижелі болып табылады деген қорытынды жасалды. Серіктестікте менеджмент жүйесін жұмыс жағдайында ұстап тұру және оны одан әрі дамыту үшін толық жағдай жасалған. Менеджмент жүйесі қолданыстағы талаптарды орындауға және күтілетін нәтижелерді қамтамасыз етуге қабілетті. Ішкі аудит жүргізу процесі стандарт талаптарына толық сәйкес келеді. Басшылықты талдау стандартқа сәйкес толық көлемде жүзеге асырылады (25.10.2024ж. аудит туралы есеп).
Аталған іс-шара «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты жобалық басқарудың төртінші блогын іске асыру шеңберінде өткізілді.