КОМПАНИЯ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Теледидарға дыбыс беру саласында «Telos Alliance» компаниясының презентациясы

Event

«Қазмедиа орталығы» техникалық дирекциясы телеорталықтың қызметкерлері мен серіктестері үшін теледидарға дыбыс беру саласында «Telos Alliance» компаниясының презентациясы ұйымдастырды.

Іс-шарада мамандар қатысушыларға дыбысты беру саласындағы жаңа стандарттарды, сондай-ақ компанияның бағдарламалық жасақтамасы мен жабдықтарын баптаудың жаңа мүмкіндіктері мен параметрлерін көрсетті. Тұсаукесерді Англия мен АҚШ компаниясының өкілдері Артур Подзорский мен Кен Скок жүргізді.