СЕРІКТЕСТЕР

«ХАБАР» АГЕНТТІГІ» АҚ – қазақ және орыс тілдерінде хабар тарататын флагмандық «Хабар» және тәулік бойы жұмыс істейтін ақпараттық «24KZ» телеарналарын қамтитын заманауи «медиаотбасы». Агенттік өзінің тарихын 1994 жылдан бастайды, дәл осы жылы Қазақ телевизиясының ақпарат қызметінің базасында «Қазақстан телевизиясы мен радиосы» республикалық корпорациясының құрылымында «Хабар» ұлттық телевизиялық ақпарат агенттігі құрылған болатын. Бүгінде «Хабар» еліміздің телеаудиториясын 100% қамтып, Қазақстанның барлық өңірінде және шетелдерде кең таралған тілшілер желісіне ие. Агенттіктің шет елдердегі өкілдіктері АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Бельгия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Қытай, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан, Франция, Түркия, Грузия, Испания және Малайзияда орналасқан..

«ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚ мемлекетіміздің ақпараттық саясатын жүзеге асыратын ең ірі медиа құрылым. Корпорация құрамына «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы, «Qazsport», «Balapan», «Abai TV» телеарналары, үш радиостанция, Телевизия жаңалықтары агенттігі және 14 аймақтық филиал кіреді, олар еліміздегі телеаудиторияның 99%-ын және радиотыңдаушылардың 88,74%-ын қамтиды. Корпорацияның сигналы Ресей Федерациясы, Моңғолия, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасының шекаралас аудандарында тұратын тұрғындарға қолжетімді.

2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Қазақстан» ұлттық телеарнасы 100 пайыз қазақ тілінде хабар таратуға көшті.

«ЕУРАЗИЯ» БІРІНШІ АРНАСЫ 1997 жылы «ОРТ Қазақстан» атауымен құрылды. 2002 жылғы 2 қыркүйекте телеарна «Еуразия» атауын иеленді, ал 2009 жылғы 1 қыркүйектен бастап қазіргі ресми атауы — «Еуразия» бірінші арнасы болып бекітілді. Құрылған күннен бастап телеарна Қазақстанның медиа кеңістігінің ажырамас бөлігіне айналып, көрермендердің кең ауқымының сүйіспеншілігіне ие болды және ұзақ жылдар бойы республикалық рейтингтерде тұрақты түрде көш бастап келеді.

Елдегі жетекші телеарналардың бірі ретіндегі мәртебесін растай отырып, «Еуразия» бірінші арнасы Қазақстанда алғаш болып тікелей эфирде ақпараттық шоу форматын енгізіп, жүргізушілер тікелей эфир барысында өзара әрекеттесе алатын студия-трансформерлер мен заманауи графикалық шешімдерді қолданды.

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ «ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ» РММ (ОКҚ) — мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық саладағы қарым-қатынасын байланыстыратын мемлекеттік ақпараттық-коммуникациялық алаң. Мақсаты мемлекеттік билік органдары мен қоғамның өзара іс-қимылының тиімді тетігін құру.

«JIBEK JOLY» РАДИОАРНАСЫ  — ақпараттық-музыкалық радиостанция. 2025 жылғы 1 мамырдан бастап Қазақстанда өз хабарын бастаған бұл арна — Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенінің жаңа медиа-жобасы. Эфир мазмұны: заманауи қазақстандық музыка, өзекті жаңалықтар, авторлық бағдарламалар мен тікелей эфирлер

«МИР» МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ТЕЛЕРАДИОКОМПАНИЯСЫ 1992 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің саяси, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастығын жариялау, ортақ ақпараттық кеңістік қалыптастыру және халықаралық ақпарат алмасуға жәрдемдесу мақсатында құрылған.

Компанияның құрылтайшылары: Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Грузия, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы.