«Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС жұмыскерлері Dalet Galaxy жүйесіндегі жұмыс процестерін конфигурациялау, қолдау және кеңейтуге арналған бес күндік Dalet Galaxy Intermediate Administrator Course оқу курсын сәтті аяқтады.
Оқу қорытындысы бойынша қатысушылар емтиханды сәтті тапсырып, алған білімдері мен кәсіби құзыреттерін растайтын сертификаттарға ие болды.
Сертификаттарды салтанатты түрде Dalet компаниясының жаһандық оқыту және дамыту жөніндегі директоры Jonathan Coutts-Zawadzki табыстады.
Оқыту Dalet компаниясының Қазақстандағы дистрибьюторы — «Software Service Distribution» ЖШС-мен бірлесіп, сондай-ақ Қазақстандағы Dalet техникалық қолдау командасы — «Design Development Distribution» ЖШС-нің қатысуымен ұйымдастырылды.
Әріптестерімізді оқуды сәтті аяқтауымен құттықтаймыз және кәсіби қызметтеріне табыс тілейміз!