КОМПАНИЯ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Республика күні қарсаңында «Қазмедиа орталығы» жұмыскерлері мен серіктестері арасында үстел теннисінен турнир өтті

Event

Республика күні қарсаңында «Қазмедиа орталығы» жұмыскерлері мен серіктестері арасында үстел теннисінен турнир өтті. Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ әріптестер мен серіктестер арасындағы достық қарым-қатынас пен командалық рухты нығайту.
Жарыс тартысты әрі қызықты өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсер сыйлады.
Жеке ойындар қорытындысы бойынша жүлделі орындарға келесі ұйымдардың өкілдері ие болды:

Әйелдер арасында:
1-орын – «Хабар» АҚ
2-орын – Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті
3-орын – «Қазақстан» телерадиокорпорациясы

Ерлер арасында:
1 және 2-орын – Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті
3-орын – «Хабар» АҚ

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға тартысты ойын мен белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз!