ОРАЗБЕКОВ КАЛДЫБЕК БАКТЫБАЕВИЧ

БАС ДИРЕКТОРДЫҢ ҚАРЖЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Телефон: +7 7172 75 79 07

Негізгі міндеттері:

  • Бухгалтерлік есеп және есеп беру бөліміне, экономикалық жоспарлау және талдау бөліміне, мемлекеттік сатып алулар бөліміне жетекшілік етеді;
  • Серіктестіктің қаржы саясатын айқындайды, оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шараларды әзірлейді және іске асырады;
  • Қаржылық тәуекелдерді талдау және бағалау жүргізеді, оларды барынша азайту бойынша шараларды әзірлейді, қаржылық тәртіптің сақталуын, қаржылық міндеттемелердің уақытылы әрі толық орындалуын, кірістердің түсуін, жеткізушілермен және тапсырыс берушілермен жасалатын қаржылық-шаруашылық операциялардың рәсімделу тәртібін бақылауды қамтамасыз етеді;
  • Қаржы қаражаттарының жай-күйіне, қозғалысына және мақсатты пайдаланылуына, қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелеріне, салық міндеттемелерінің орындалуына бақылау жүргізеді.

Білімі:

2012 ж. «Қаржы» мамандығы бойынша А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтын бітірді.

Еңбек жолы:

2010 – 2011 жж. – ЖК Джолдыбаева К.К. бухгалтер-кассир, Астана қ.

2011 – 2013 жж. – №34 «Ақ бидай» бөбекжай-балабақшасы МКҚК бухгалтері, Астана қ.

2013 – 2013 ж. – Астана қаласы әкімдігінің «Оқушылар сарайы» МКҚК бухгалтері, кейін экономист, Астана қ.

2014 – 2018 жж. – ҚР АШМ ВБжҚК «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК, жоспарлау жөніндегі экономисті, кейін бас экономисті және қаржы бөлімінің бастығы – бас бухгалтері, Астана қ.

2018 – 2022 жж. – ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің сарапшысы, кейін бас сарапшысы – мемлекеттік аудитор, Астана қ.

2022 – 2024 жж. – Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің Басшының орынбасары, Ақтау қ.

2024 – 2024 жж. – ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің бас сарапшысы – мемлекеттік аудитор, Астана қ.

2025 – 2026 жж. – ҚР Қаржы министрлігінің бас сарапшысы – мемлекеттік аудитор, Астана қ.

2026 жылғы сәуір айынан бастап – «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС Бас директордың қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары