КОМПАНИЯ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

2025 жылға арналған «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы хабарлама

Event

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №488 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес, «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-де 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2025 жылғы 12 желтоқсандағы ОД № 07-03/217 бұйрығына сәйкес төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  1. Серіктестіктің қолданыстағы ішкі нормативтік құқықтық актілеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  2. Тауарлы-материалдық құндылықтарды есепке алу, қозғалысы, есептен шығару және кәдеге жарату мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  3. Жүргізілген талдау қорытындылары бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдармен аналитикалық анықтама дайындау.
  4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария түрде талқылау.
  5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындыларын Серіктестіктің интернет-ресурстарында жариялау.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімдері:
бұйрыққа қол қойылған күннен бастап – 30 жұмыс күні ішінде.