ШАЛКЕНОВ ЖҰМАХАН ҚАЛМҰХАНҰЛЫ

БАС ДИРЕКТОРДЫҢ ҚАРЖЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Телефон: +7 7172 75 79 39

Негізгі міндеттері:
• Бухгалтерлік есеп және есеп беру бөліміне, экономикалық жоспарлау және талдау бөліміне, мемлекеттік сатып алулар бөліміне жетекшілік етеді.
• Серіктестіктің қаржы саясатын айқындайды, оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шараларды әзірлейді және іске асырады.
• Қаржылық тәуекелдерді талдау және бағалау жүргізеді, оларды барынша азайту бойынша шараларды әзірлейді, қаржылық тәртіптің сақталуын, қаржылық міндеттемелердің уақытылы әрі толық орындалуын, кірістердің түсуін, жеткізушілермен және тапсырыс берушілермен жасалатын қаржылық-шаруашылық операциялардың рәсімделу тәртібін бақылауды қамтамасыз етеді.
• Қаржы қаражаттарының жай-күйіне, қозғалысына және мақсатты пайдаланылуына, қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелеріне, салық міндеттемелерінің орындалуына бақылау жүргізеді.

Білімі:
1996 ж. – Қазақ аграрлық университеті, Алматы қаласы – Экономист-бухгалтер
2011 ж. – Қарағанды мемлекеттік университеті – Құқық бакалавры
2014 ж. – Халықаралық Бизнес Академиясы – Іскерлік әкімшілендіру магистрі
2024 ж. – Алматы Менеджмент Университеті – Іскерлік әкімшілік докторы
Жоғары санатты мемлекеттік аудитор; Қазақстан Республикасының сертификатталған аудиторы

Еңбек жолы:
1989–1996 жж. – ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларында бухгалтер, бас бухгалтер.
1996–2009 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті жүйесінде аудитор, Аудит басқармасының басшысы, Астана қ.
2009–2014 жж. – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қаржы және экономика департаменті директорының орынбасары, Астана қ.
2015–2020 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің сәйкестік аудиті басқармасының басшысы, Нұр-Сұлтан қ.;

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті Павлодар облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы басшысының орынбасары, Павлодар қ.;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті департаментінің басшысы, Нұр-Сұлтан қ.
2021–2022 жж. – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары, Нұр-Сұлтан қ.
2022–2024 жж. – «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы» ММ басшысының орынбасары, Астана қ.
2024–2025 жж. – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту департаментінің директоры, Астана қ.
2025 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-де қаржы мәселелері жөніндегі бас директордың орынбасары, Астана қ.