2025 жылғы 14 тамызда «Қазмедиа орталығы» конференц-залында Қоғам қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениетті қалыптастыру және олардың хабардарлығын арттыру мақсатында құрылымдық бөлімшелер басшыларына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – 2025» тақырыбында офлайн оқыту өтті.
Оқыту барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасындағы негізгі өзгерістер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функциялары, мүдделер қақтығысын анықтау, алдын алу және реттеу тәртібі, сондай-ақ кірістер мен мүлік туралы мәліметтерді жариялау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, қаржылық бақылау шаралары мен бұзушылықтар үшін жауапкершілікке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды тәжірибеде қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сессия сұрақ-жауап форматында өтті, бұл қатысушыларға тақырыпты тереңірек түсінуге және өзекті мәселелер бойынша нақты түсініктемелер алуға мүмкіндік берді.