«Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС

ОҚИҒАЛАР ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КҮНТІЗБЕСІ

Журналист Бағдагүл Рахметқызының «Анама қарап бой түзеймін» атты ұлттық авторлық жобасы

Event

Журналист Бағдагүл Рахметқызының «Анама қарап бой түзеймін» атты ұлттық авторлық жобасы – республикалық «АруАна» үздік әйелдер жобалар конкурсында Астана қаласы бойынша 2024 жылдың үздік жобасы деп танылды.

​Авторлық жоба 2022 – Балалар жылына орай отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қызымен сырлас ананы, ананы сыйлар қыздардың әдебін көрсету мақсатында  бастау алған. Байқау 2024 жылы дәстүрлі түрде 3-рет өткіліп отыр.

Жобаның басты мақсаты: талантты, ибалы, инабатты қыздар мен қыз балаға өнегелі тәрбие беріп отырған аналарды насихаттау, қолдау көрсету.

Байқау екі жыл бойы Наурыз айында – Халықаралық әйелдер күні мен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі аясында өткізіліп келгендіктен, нәзіктік пен шеберлік өлшемдері байқаудың басты талаптары ретінде таңдалған.

«Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейтінімізді» көрсету арқылы, аналарға қыз бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөлуге үндейтін байқауға биыл 7 үміткер қатысуда.

Олар негізгі 4 кезеңде бақ сынайды. 1-кезең: Таныстыру және өнер көрсету, 2-кезең: Салт-дәстүрімізден көрініс. (Шілдехана бесікке салу, сырға салу. т.б). 3-кезең: Дәстүрге байланысты сұрақ-жауап және мақал-мәтелдің жалғасын табу, 4-кезең: Ұлттық тағам әзірлеу және қолөнер туындыларын таныстыру.

Жобаның концепциясында көрсетілген басты өлшем – анасы мен қызының қарым-қатынасын нығайтып, үлгі көрсете отырып, өнеге беруді көздейтін жоба өз мақсатына жетіп келеді.

Оқиға күні: 22 апреля, 2024
Өткізу жері: Киноконцерт залы