ТЕЛЕОРТАЛЫҚ ТУРАЛЫ







About us

Қазмедиа орталығының» жоғары деңгейлі техникалық жарақтандыруы оны Орталық Азия мен ТМД елдерінде ғана емес, барша әлемдегі ең озық телеорталықтар қатарында атауға мүмкіндік береді…

Н. А. Назарбаев

«Қазмедиа орталығы» телерадиокешенін құру және іске қосуының қысқаша тарихы

2011 жыл – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-на тиесілі аумақта «Sembol construction» АҚ «Астана медиа орталық» жұмыс
атауымен телерадиокешен ғимаратының құрылысын жүргізді.

2011 жылдың 17 наурызында «Телерадиокешеннің басқарушы компаниясы» ЖШС тіркелді.

2012 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №518 қаулысымен «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС құрылды, оның негізгі қызмет түрі Астана қаласында «Қазмедиа орталығы» ғимаратының жұмыс істеуі болып айқындалды (атауы – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы).

Алғашқы эфир 2012 жылдың 1 қыркүйегінде сағат 00:00-де «Хабар 24» телеарнасымен өтті, ол кездегі арна атауы – «24kz».

2012 жылы телерадиокешеннен «Хабар», «Қазақ ТВ» («CaspioNet»), «Балапан» телеарналары хабар таратуды бастады.

2013 жылы «Қазақстан», «Қазспорт» және «Еуразия» телеарналары «Қазмедиа орталығынан» хабар тарата бастады.

2014 жылы хабар таратуды «Білім және мәдениет» мәдени-білім беру телеарнасы бастады.

Бүгінгі күні «Қазмедиа орталығы» республиканың жеті телеарнасы мен үш радиостанцияны, атап айтқанда: Хабар, Хабар 24, KazakhTV, Qazaqstan, Balapan, Бірінші канал Евразия, МТРК МИР, сондай-ақ Қазақ радиосы, Шалқар радиосы және Астана радиосын орналастырады.

Біздің миссиямыз

Медиахабарды тарату саласындағы жаңа технологиялармен жабдықталған технологиялық хаб құру. Қазақстан Республикасының халқын жоғары технологиялық телевизиялық және радио бағдарламалар өндірісімен қамтамасыз ету.

Қызмет түрлері

  • жеке меншікті жалға беру және басқару;
  • басқа санаттарға енгізілмеген өзге де машиналарды, жабдықтар мен материалдық құралдарды жалға беру;
  • республикалық және аймақтық форумдарды ұйымдастыру және өткізу;
  • Қазақстанды халықаралық аренада алға жылжытуға бағытталған жобаларды іске асыру;
  • қазақстандық журналистерді оқыту және біліктілігін арттыру бойынша жобаларды іске асыру.
img1
img2

Мүмкіндіктер

  • әлемнің жетекші өндірушілерінің ең заманауи өндірістік және телекоммуникациялық жабдықтарды
  • жетекші телерадиокомпаниялар мен жеке продакшн студияларына телевизиялық және радио бағдарламалар өндірісін қамтамасыз ететін 400-ге жуық жоғары білікті мамандар
  • 14 студиялық блоктар, оның ішінде: телебағдарламаларды өндіруге арналған 9 студия, жаңалық өндіретін 4 студия, 1 виртуалды студия және 92 монтаждық аппаратхана
  • теле- және радиоэфир хабарын тәулік бойы тарату
  • 888 орындық киноконцерттік зал
  • коворкинг зонасы
  • кеңсе және коммерциялық жайлар

Халықаралық серіктестік

  • «Останкино» телевизиялық техникалық орталығымен серіктестік туралы меморандум жасалды;
  • 2012 жылдан бастап Азия-Тынық мұхиттық хабар тарату одағының (ABU) мүшесі.

«Қазмедиа орталығының» клиенттері

  • мемлекеттік сектор өкілдіктері
  • ұлттық компаниялар мен елшіліктер
  • коммерциялық компаниялар
  • продакшн-студиялар, продюсерлік орталықтар, event- және PR-агенттіктер
  • қоғамдық бірлестіктер
img3
img4

Біздің артықшылықтарымыз

  • жоғары санатты еуропалық жабдықтар
  • заманауи медианарықтың қажеттіліктерін білу
  • әлемнің жетекші телерадиокомпанияларының тәжірибесін шығармашылықпен қолдану білу
  • қызметкерлердің жоғары біліктілігі мен зияткерлік әлеуеті
  • тиімді маркетинг және PR-кампания
  • нәтижелі бизнес-процестер
  • инфрақұрылымды тиімді пайдалану
  • көшбасшы болуға ұмтылыс

Сапа саласындағы саясат

Медианарықтың қазіргі жағдайы біздің Компаниямыздың даму логикасын анықтайды: кімде кім Клиенттің талабын түсініп, цифрлық хабар таратудың жоғары стандарттарына сүйене отырып бірінші болып қанағаттандыруға дайын болса, ол еліміздің осы салада көшбасшы орынды иеленіп қана қоймай, әлемдік телерадиокомпанияларға лайықты бәсекелес бола алады.

img5


Азаматтарды қабылдау


"Қазмедиа орталығы" басшылығына азаматтарды қабылдау алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырады

Азаматтарды қабылдау күні: сәрсенбі
Азаматтарды қабылдау уақыты: 09: 00-ден 13:00-ге дейін

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау мәселелері бойынша телефон және байланыс тұлғасы: Баймағамбетова Алмагүл
(Бас директордың көмекшісі)

+7 7172 75 79 07
Сұрақ қою
«Сенім телефоны»


Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің

"Adaldyq alany" жобасының жетекшісі Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің штаттан тыс кеңесшісі

Джумурбаев Тимур Габдулович
+7 777 051 66 94

Электрондық мекен-жай
timdzhumurbayev@mail.ru

«Адалдық Алаңы» жоба кеңсесінің менеджері

Кушумова Аида Жомартовна
+7 775 118 85 90

Электрондық мекен-жай
adaldyqaqdm@qogam.gov.kz
Мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталы Бақ мемлекеттік порталы StopFake!