7 July 2021
Баспа, радио, интернет – журналистикасын қамтыған «URKER – 2021» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары
24 маусым күні Нұр-сұлтанда кәсіби мереке қарсаңында баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER – 2021» Ұлттық сыйлығының иегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты рәсімде 11 номинация бойынша журналистика саласындағы беделді Сыйлық жеңімпаздарының есімдері аталды:
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал – Рыиза Молдашева, «Семей таңы» газеті;
Жылдың үздік фотосуреті – Мақсат Шағырбаев, Newsroom.kz;
Жылдың үздік репортажы – Ануар Абдрахманов, BaigeNews.kz АА;
Жылдың үздік аналитикалық материалы – Дина Имамбаева, «Ақиқат» журналы;
Жылдың үздік журналистік зерттеуі – Қыдырбек Рысбек, «Aiqyn» газеті;
Жылдың үздік сұхбаты – Тамара Вааль, Vlast.kz порталы;
Жылдың үздік танымдық материалы – Өмірбек Сансызбаев, Massaget.kz;
Радиостанциядағы үздік жоба – «Новое утро» жобасы, «NS» радиосы;
Жылдың үздік жаңалықтар порталы – inform.kz, «Казинформ» ХАА» АҚ;
Жылдың үздік газеті – «TÚRKISTAN»;
Жылдың үздік журналы – «Forbes Kazakhstan»;
Радионың 100 жылдығына орай тағайындалған арнайы жүлденің иегері «Қазақ радиосы» атанды.
2021 жылы ұйымдастырушылардың мекенжайына республикалық және өңірлік радиостанциялардан, баспа және интернет-басылымдардан 340 өтінім келіп түсті. 2017 жылдан бастап барлығы 2 833 жұмыс Сыйлыққа ұсынылды, оның 248-і шорт-параққа енді. Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының 67 үздік өкілі «URKER» естелік мүсіншесінің иегері атанды.
9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлы Жеңіс тойы – бұрынғы кеңестік халықтардың ортақ, басты мерекелерінің бірі. Баршаңызға…
Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын. Отанға адал, елге қайырымды,…
Ваше сообщение успешно отправлено.